12 жасқа дейінгі балларға белгілі медициналық себептермен вакцина алмайтын адамдарға бұл шешімнің қатысы жоқ.
ERNUR.KZ. Сингапур билігі келесі айдан бастап елдегі вакцина алмаған халыққа вирус жұқтырып, ауырып қалса тегін ем көрсетпейтіндігін мәлімдеді, деп жазады exk.kz.
Covid-19 вирусын жұқтырғандарға тегін ем көрсетпеу шешімі елдің денсаулық сақтау министрлігі сайтында жарияланды. Онда стационарлық көмекке мұқтаж адамдардың басым бөлігі екпе алмаған азаматтар екендігі жазылған.
Екпе алуға рұқсаты бар, бірақ вакцинациялануға ыңғай танытпаған адамдарға тегін медициналық көмек көрсетілмейді. Бұл шешім 8 желтоқсаннан бастап күшіне енеді, делінген ведомства жазбасында.
12 жасқа дейінгі балларға белгілі медициналық себептермен вакцина алмайтын адамдарға бұл шешімнің қатысы жоқ.
Министрлік қазіргі уақытта ел халқының 85 пайызы екпе алғанын, 18 пайызы қайта вакцина салдырғанын хабарлады.