Гүлшат Шорбасованың айтуынша, ауру көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендеген.
Фото: ampravda.ru
ERNUR.KZ. Маңғыстау өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасова жыл басынан бері А гепатитінің 20 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Гүлшат Шорбасованың айтуынша, ауру көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендеген.
2024 жылдың алғашқы үш айында өңірде 29 адамнан А гепатиті анықталған, оның 16-сы балалар.
Гүлшат Шорбасованың сөзінше, көбінесе бұл ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Ауру деректері барлық қала мен аудандарда тіркелген, тек Бейнеу ауданынан басқа.
"Қарақия ауданында 10 бала ауырған. Жаңаөзенде 3 бала, ал Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелді, – деді маман.
Сондай-ақ дәрігер сырқаттанған балалардың жартысы вакцина алмағанын атап өтті.
"А гепатитінен қорғанудың ең тиімді жолы - алдын ала вакцина салдыру. Екі жасқа толған балалар мен бұған дейін екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар иммундауға жатады. Қытайдың "Хеолайф" вакцинасы екі кезеңнен тұрады: алғашқысы мен екіншісі арасында алты ай үзіліс болады. Жыл сайын Маңғыстау облысында 18 мың балаға вакцина салынады, – деп қосты дәрігер.