Бақыт Құсақбаева Азия чемпионатында қоланы қоржынға салды

0
186

Жарыс тартысты өтті.


Бақыт Құсақбаева Азия чемпионатында қоланы қоржынға салды

Фото: Спорт комитеті

ERNUR.KZ. Қазақстандық дзюдошы Бақыт Құсақбаева Азия чемпионатында түрікменстандық қарсыласы Майса Пардаеваны жеңіп, қоланы қоржынға салды, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұл Бангкоктағы жарыста иеленген үшінші жүлдеміз.

Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) мен Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.