YouTube ар-намысқа тиетін пікір қалдырушы авторларды жазалайтын болды

0
733

YouTube-тегі жаңа ережелер 14 желтоқсанда өз күшіне енді.


YouTube ар-намысқа тиетін пікір қалдырушы авторларды жазалайтын болды

ERNUR.KZ. Google компаниясы ар-намысқа тиетін хабарлама авторларын платформа жазалауы үшін YouTube-тегі пікір қалдыру ережелерін жаңартты. Бұл ретте компания ескертуші және бұғаттаушы жүйені жасап шықты, деп жазады zakon.kz.

Gizmodo басылымының мәліметінше, егер пайдаланушының хабарламасы видеохостинг қауымдастығының принциптеріне сәйкес келмесе, YouTube алдымен ескерту жасайды, содан кейін осы пікірдің авторын 24 сағатқа бұғаттайды. Бұл жүйе тек ағылшын тілінде қалдырылған пікірлерге қатысты алғаш рет қолданылып отырғандығы нақтыланған.

"Біз баршаны пікірлері арқылы қауымдастыққа теріс ықпал етуге тырысатын пайдаланушылардан қорғағымыз келеді", делінген YouTube мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, хостинг арбитраж жүйесін енгізеді, оның көмегімен бұғатталған авторлар модераторлардың шешіміне қарсы дау айта алады.

YouTube-тегі жаңа ережелер 14 желтоқсанда өз күшіне енді.