Ыстықкөлде гидроцикл екі адамды қағып өлтірді

0
744

Тағы бір адам ауруханада жатыр.


Ыстықкөлде гидроцикл екі адамды қағып өлтірді

ERNUR.KZ. Ыстықкөл жағажайындағы Чолпон-Ата қаласында гидроцикл (су скутері) екі адамды қағып өлтірді, деп жазады Inbusiness.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, оқиға салдарынан зардап шеккен қыз бен жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

"Тағы бір зардап шеккен қыз хирургия бөлімінде, оның миы шайқалған. Қазір жағдайы тұрақты", - деді Денсаулық сақтау министрлігі.