Ыстықкөлде қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады

0
691

Бұл жайлы Ыстықкөл облыстық Ішкі істер басқармасы хабарлаған.


Ыстықкөлде қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады
ERNUR.KZ. Ыстықкөл жағасындағы Чок-Тал ауылында қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады, деп жазады ҚазАқпарат.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, 11 тамыз күні кешкісін жүргізуші жолдағы көліктердің бірінен оза бергенде, автобусты тізгіндей алмай қалған.

Автобус «Lexus» жеңіл көлігімен соқтығысып, жолдың шетіне шығып кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, барлығы дін аман. Ешкім дәрігерге де жүгінбеген. Жолаушылардың барлығын басқа автобусқа мінгізіп жіберген.

Автобусты Қырғыз Республикасының азаматы жүргізген. Жолаушылардың барлығы – Ыстықкөлде демалып қайтқан қазақстандықтар.