"Жалған екпе" деп антиваксерлерге Pfizer вакцинасын салған

0
968

Елде жалған екпе аламын деп алданып қалған жүздеген мың антиваксер бар.


ERNUR.KZ. Грекияда антиваксерлер жалған екпе салдыру үшін дәрігерлерге 400 еуро төлеп, пара берген. Ал дәрігерлер оларға физерітіндінің орнына Pfizer екпесін салып жіберген, деп жазады exk.kz.

Елде жалған екпе аламын деп алданып қалған жүздеген мың антиваксер бар, деп мәлімдейді Грекияның Mega.tv телеарнасы.

"Алданып қалған антиваксерлердің сотқа жүгінуге қақысы бар. Алайда дәрігерлерді жауапқа тарту үшін олар ақ халаттыларға пара бергенін мойындауы керек. Қазір екі оттың ортасында қалған екпеге қарсы азаматтар не істерін білмей жүр", - дейді телеарна тілшісі Сократ Грамматикополос.

Биылғы жазда Грекия үкіметі екпе алмағандарға 500 еуро айыппұл салатын заң қабылдаған. Ал қызметкерлеріне екпе салдырмаған мекемелер үшін айып сомасы — 1 500 еуро.

Осы заңды айналып өткісі келген антиваксерлер дәрігерлерге пара беріп, жалған екпе салдырмақ болады. Ал астыртын ақша алған ақ халаттылар "екпе емес, физерітінді егеміз" деп шынайы вакцинаны салып берген.