Жапонияда 90 526 адамның жасы жүзден асқан

0
735

Жасы жүзден асқандардың дені – әйелдер.


Жапонияда 90 526 адамның жасы жүзден асқан

ERNUR.KZ. Жапонияда жасы 100-ден асқан қарттар көп. Ресми статистикаға сәйкес елде ондай 90 мың адам бар, деп жазады 24.kz.

Бұл былтырмен салыстырғанда 4 мың адамға көп. Жасы жүзден асқандардың дені – әйелдер. Солардың ішіндегі ең қарт кейуана қазір 114-те. Жақындары мұның сыры – дұрыс тамақтану екенін айтады.

Жалпы дәрігерлер өмір сүру ұзақтығы бойынша мемлекеттің алдыңғы қатарда тұруын озық медициналық технологиялармен байланыстырады. Жапондардың өздері де күтініп, денсаулығына көп көңіл бөледі.