Жапонияда нөсер салдарынан бес адам қаза тапты

0
437

Тағы үшеуі жоғалып кетті.


Жапонияда нөсер салдарынан бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Жапонияның оңтүстік-батысында нөсер жаңбырдан туындаған көшкіндер мен сел ағындарының салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты. Тағы үшеуі жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Жауын-шашын деңгейі Жапония мемлекетінің оңтүстік-батыс провинцияларында рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлайды Жапония метеорологиялық агенттігі (JMA).

Жергілікті билік он мыңдаған адамды эвакуациялауға шақырды.

Премьер-министр Фумио Кисида апаттарды жою министрі Яни Коичимен кездесті.

Шығыс Азия елдерінде "қара өрік жаңбыры" - "цую" деп аталатын нөсер маусымы мамырдың аяғынан шілденің ортасына дейін созылады.