Жасөспірім әкесін тирде атып өлтірді

0
413

Қайғылы оқиға Ресейде орын алды.


Жасөспірім әкесін тирде атып өлтірді

ERNUR.KZ. Мәскеу облысы бойынша тергеу комитеті Мәскеу маңындағы Реутовта жасөспірім абайсызда әкесін атып тастағанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға қалалық тирде болды. Тергеу мәліметтері бойынша, әкесі мылтық галереясының рұқсат етілмеген қауіпті аймағына, ұлы құлаққап киіп, қолына қару ұстаған кезде кірген. Осы кезде жасөспірімнің атқан оғы абайсызда әкесіне тиген. Белгілі болғандай, ер адам алған жарақатының салдарынан сол жерде көз жұмды.

Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеді. Абайсызда өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.