Жасы 65-тен асқан азаматтарға вакцинаның үшінші дозасы салынуы мүмкін

0
584

АҚШ-та үшінші компонентті 200 миллион тұрғын салдыруы мүмкін.


Жасы 65-тен асқан азаматтарға вакцинаның үшінші дозасы салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Елдің Азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық бақылау басқармасы бұл ұсынысты қолдады, деп жазады 24.kz.

Сондай-ақ мекеме өкілдері екпенің үшінші бөлігін дәрігерлерге, мұғалімдерге және қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін мамандық иелеріне салуға қарсылық танытпады.

Айта кетейк, АҚШ азаматтарын қайтадан жаппай вакциналауға көптеген тәуелсіз сарапшылар қарсы шыққан. Өткен айда президент Джо Байден Pfizer вакцинасының үшінші компоненті 20 қыркүйекте дайын болатынын мәлімдеген. Бірақ оны тұрғындарға салу үшін сарапшылардың рұқсаты керек екенін атап өткен.

"Менің ойымша, бізге бустерлі вакциналау сияқты ауқымды да маңызды науқанды бастамас бұрын ғылыми негізделген дәлелдер қажет. Халыққа расымен қосымша доза керек болуы мүмкін және бұл біздің вакциналау стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналмақ. Алайда біз үшінші дозаны тұспалдар мен пікірлерге емес, ғылыми деректерге негіздеп салуымыз қажет. Бұл сұраққа жауап алдағы 6 айдың ішінде дайын болады деп пайымдаймын. АҚШ-та үшінші компонентті 200 миллион тұрғын салдыруы мүмкін. Бірақ өте-мөте сақ болуға тиіспіз", - дейді Ира Лонгини, Флорида университетінің биостатистика профессоры.