Жол сақшылары мас халде көлік басқарған судьяларды жазалай алмайтын болды

0
1 994

Ресейде ІІМ көлік жүргізушілері мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын мемлекеттік инспектордың арасындағы қатынасты нақтылайтын заң күшіне енді.

Полиция қызметкеріне көлікті беру мен жүргізуші құжатын тексеруге негіз болатын ережелерге енгізілген өзгерістерден бөлек, бұл заңнамада ЖҚҚМИ-ның сот судьяларымен қарым-қатынасындағы құқықтары шектелді.

«Коммерсантъ» басылымы жазғандай, бұған дейін жол-патрульдік қызметінің өкілі ереже бұзған судьяларға қатардағы жүргізуші ретінде шара қолданатын. Яғни, көлік жүргізуден шеттетіп, мас халде екеніне күдіктенсе сараптама жүргізетін. Енді жаңа заң бойынша бұған тыйым салынды.

Осының алдында Ресей ІІМ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖҚҚМИ құзыретінің қысқаруын уәкілеттіктің бір бөлігін өзге атқарушы билікке берілуімен түсіндірген болатын.