Қай жерлерде коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары

0
1 010

Қоғамдық көлік өте қауіпті болуы мүмкін.


Қай жерлерде коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары

ERNUR.KZ. Мамандар коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары жерлердің тізімін жасады, деп хабарлайды Хабар24.

Бірінші кезекте желдетілуі нашар бөлмелер жатады.


«Егер бөлмедегі ауа айналымы нашар болса, кез-келген жабық кеңістік қауіпті», - деді геномдық инженерия зертханасының жетекшісі Павел Волчков.

Рейтингтегі екінші орында қоғамдық көліктер және адамдар ұзақ уақыт тығыз қарым-қатынас жасайтын басқа да орындар тұр.


«Менің ойымша, қоғамдық көлік өте қауіпті болуы мүмкін. Сондай-ақ үй маңындағы кезекте көп адам жиналатын дүкендер мен дәріханалар да коронавирус жұқтыру қаупін тудырады», - деді маман.


Алғашқы үштіктің қатарында мейрамханалар мен караоке-клубтар да бар. Маман тіпті тіс дәрігеріне барған кезде де сақ болу керек екендігін ескертті.