​Онлайн-кредиттер: қарыз алушыларға арналған нұсқаулық

0
1 363

Онлайн-кредитті кәмелеттік жасқа толған кез келген қазақстандық азамат аз ғана құжаттар топтамасымен ала алады.


​Онлайн-кредиттер: қарыз алушыларға арналған нұсқаулық

Онлайн-кредиттер Қазақстанда күннен-күнге танымал болып келеді, оның өзіндік себебі де бар – оларды оңай әрі жылдам ресімдеуге, ал ақшаны бір тәуліктің ішінде, тіпті бірнеше сағатта алуға болады. Алайда басқа кредиттер сияқты кредиттің бұл түрінің де күңгірт тұстары бар, деп жазады ERNUR.KZ.

Онлайн-кредиттер жайлы нені білу керектігі және оларды ресімдеу арқылы тығырыққа тірелмеу үшін не істеу керек?
Онлайн-кредитті кәмелеттік жасқа толған кез келген қазақстандық азамат аз ғана құжаттар топтамасымен ала алады. Клиенттерді осы нәрсе қызықтырады, олар өздерінің уақыттарын үнемдейді және бөлімшеге келіп, менеджерге кезекке тұруға дайын болмайды (дегенмен кейбір банктерде соңында бөлімшеге келуге тура келеді). Онлайн-кредиттер ресімдеу тетігі оңай: банкті таңдау, оның сайтында не мобильді қосымшасында өтінімді толтыру және маман сізге қайта хабарласу үшін өзіңіздің байланыс деректеріңізді қалдыру керек. Кейде бұл талап етілмейді және барлығы қоңыраусыз – банк құрған алгоритм арқылы жүргізіледі. Клиент толыққанды сауалнаманы толтырады, өзінің дербес деректерін енгізеді, қажет болған жағдайда өзіне қызмет көрсететін банктен берілген үзінді көшірмені қоса береді және шешімді күтеді. Ақша оң шешім шығарылғаннан кейін дереу немесе келесі күні түседі.
Онлайн-кредиттердің түрлері
Онлайн-кредиттердің бірнеше түрі бар:
банктік кредиттер – біз жоғарыда сипаттаған алгоритм бойынша банктердің сайтында немесе олардың ресми мобильді қосымшасы арқылы ресімделеді;
микрокредиттер – бұлар «онлайн кредиттер» ұғымына жатады, өйткені микроқаржы ұйымдары қарызды онлайн режимде рәсімдеуге мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда (банктердегі сияқты) соңғы қол қою немесе ақша алу үшін филиалға келу қажет болуы мүмкін;
интернет-дүкендердегі кредиттер – белгілі бір банктің қосымшасы арқылы сатып алуды рәсімдейтін болсаңыз, бұл да онлайн-кредитке жатады. Бұл жерде алғашқы екі жағдайға қарағанда оңайырақ, өйткені банкте сіздің барлық деректеріңіз бар және ол бір минут немесе одан да аз уақыт ішінде шешім қабылдайды;
мамандандырылған сервистердегі кредиттер – мұнда жүйе сіздің тілектеріңіз бен деректеріңізді ала отырып, сіз үшін ең тиімді нұсқаны есептеп береді. Интернетке шығатын құрылғы болса және толыққанды өтінім берсеңіз жетіп жатыр;
кредиттік карта – көптеген банктер клиенттерге белгілі бір мөлшерде кредиттік карта алуға мүмкіндік береді. Бір ерекшелігі – сіз қолма-қол ақша алмайсыз, бірақ алу үшін мақұлданған сома негізінде зат сатып алғаныңыз үшін ақы төлейсіз, содан кейін картаны ай сайын жұмсалған сомаға толықтырып отырасыз.
Сондай-ақ, банктің бағдарламасына қарай – автокредит, бизнес-кредиттер, тұтынушылық кредит және т.б. сияқты қарыздың неғұрлым мамандандырылған түрлері бар.
Назар аударыңыз! Күмән туғызатын сайттардан кредит беру жөніндегі қосымшаларды жүктемеңіз - әрдайым кредиттік ұйымның ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген лицензиясының бар-жоғын www.gov.kz. сайты арқылы тексеріңіз. Тексермеген жағдайда сіз қаржылық алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін!
Онлайн-кредиттердің артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары:
уақытты үнемдеу – кредит беруге байланысты рәсімдер тез жүзеге асырылады және оның ең басты шарттарының бірі интернет болуға тиіс. Менеджер сізге қоңырау шалса да, бұл көп уақытты қажет етпейді және сіздің жұмыс кестеңіз бұзылмайды;
құжаттардың ең аз топтамасы – онлайн кредитті рәсімдеу үшін әдетте ЖСН жеткілікті, оны енгізгеннен кейін жүйеден сіз туралы ақпарат, оның ішінде зейнетақы аударымдарыңыз бен кредиттік тарихыңыз туралы ақпарат шығады;
әмбебаптылық – сіз белгілі бір мақсатқа ақша ала аласыз;
жеделділік – ақша тез түседі, кейде шартқа немесе соңғы өтінімге қол қойылғаннан кейін бірнеше минут ішінде түседі.
Кемшіліктері :
жоғары пайыздық мөлшерлеме – кредит ұйымдары онлайн кредит берген кезде пайыздарын жоғары қоюы мүмкін. Осылайша олар ықтимал тәуекелдердің орнын толтырады;
қосымша комиссиялар – кейбір кредиттік ұйымдар кредиттің жалпы сомасына қосылатын немесе немесе ай сайынғы төлемдерге бөлінуі мүмкін комиссияларды төлеуді міндетті талап етіп қоюы мүмкін;

шағын сомалар және қысқа мерзімге кредит беру – кредит ұйымдарының барлығы дерлік қомақты ақшаны онлайн беруге дайын емес, сондықтан мақұлданған сома сіздің қажеттілігіңізді өтемеуі мүмкін. Сонымне қатар, кредиттеу мерзімі өте қысқа болуы мүмкін, тиісінше ай сайынғы төлем де сіздің бастапқыда болжаған мөлшеріңізден көптеу болады.