"Маған қарай тас лақтырды": Шерзаттың анасы айыпталушылармен бірге жүрген екі қыз туралы

0
166

Сот отырысы Талдықорғанда өтіп жатыр.


Фото: zhogargy sot

ERNUR.KZ. Марқұм Шерзат Полаттың анасы Гүлбара Бишимбиева сотта қайғылы оқиға болған күні көрген екі қыз туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, дүкен жақта екі қыз тұрған.

Қорғаушы тараптың адвокаты "Сол кезде болған екі қыздың іс-әрекеті туралы айта аласыз ба?" деп сұрады.

"Нақты әрекеті – сол кезде олар тас лақтырды. Олардың қолдарынан телефон көрдім. Мен оларға қарап, жәдел жәрдем, милиция шақырыңдар деп айттым. Олар қарап тұрды", - деді марқұмның анасы.

Адвокат екі қыз тасты кімдерге қарай лақтырғанын нақтылады.

"Бізге қарай", - деп қысқа қайырды Гүлбара Бишимбиева.

Судья Ержан Жанұзақов "Лақтырған тас сіздерге тиді ме?" деп анықтап сұрады.

"Тиген жоқ. Ол кезде мені Абзал мен Нұрбол ұстап тұрған. (Тасты) маған қарай лақтырды", - деді Шерзаттың анасы.

Жәбірленуші екі қызбен бұрын-соңды таныс болмағанын айтты.