​ҰБТ-2019: Биыл ГРАНТ бөлу тәртібі қалай болады?

0
8 555

ҰБТ өтетін кезең қандай? Кімдер босатылады?


​ҰБТ-2019: Биыл ГРАНТ бөлу тәртібі қалай болады?

20 маусым мен 5 шілде аралығы түлектер үшін қарбалас кезең. Бұл — жоғары оқу орнының грантына қол жеткізу үшін ҰБТ тапсыратын кез. Былтырғы түлектер тестке дайындалу тәжірибесімен бөлісуде. Ата-аналар «балаға дем берсе болды, қалғанын өздері де алып кетеді» деген пікірде. Грант қалай бөлінеді, талапкерлерге қандай сұрақтар келуі мүмкін, ҰБТ кестесі қандай. Осы және басқа да сұрақтар жайында төменнен оқып біле аласыз.


ҰБТ ӨТЕТІН КЕЗЕҢ

2019 жылдан бастап ҰБТ тапсыру түрлері:
• жоғары оқу орнында ақылы оқу үшін 3 рет ҰБТ тапсыру мүмкіндігі бар;
• грант тағайындау байқауына қатысу үшін 20 маусым мен 5 шілде аралығында бір рет тапсырады.

Түлектердің жүйкесіне түсетін салмақты азайту үшін осы әдіс таңдалды. Кесте жайлы толық ақпаратты Ұлттық тест орталығының https://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/ сайтынан көруге болады.


ҰТБ СЫНАҒЫНАН БОСАТЫЛАТЫНДАР
• IELTS, TOEFL халықаралық сертификаты бар талапкерлер «Шет тілі» пәнінен;
• техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің түлектері жеделдетіп оқу бағдарламасына ақылы түрде тапсырғанда босатылады.


ҰБТ СҰРАҚТАРЫ

Министр Күләш Шәмшидинова балалардың білім деңгейін толыққанды саралау үшін ҰБТ сұрақтарының жыл сайын жетілдіріліп отыратынын алға тартты.


ГРАНТ БӨЛУ ТӘРТІБІ

Енді түлектер мамандық емес нақты білім беру бағдарламасы мен ЖОО таңдай алады. Ал гранттар талапкер таңдаған жоғары оқу орнына бөлінеді. «Биылдан бастап мемлекеттік тапсырысты дайындап, бөлу білім беру бағдарламасының топтары бойынша жүзеге асады», — деді Мәжіліс отырысында вице-министр Талғат Ешенқұлов.

Бұл — жаңа жіктеуіш қабылдануы мен ЖОО білім беру бағдарламалары түрлерінің кеңеюімен байланысты. Мысалы, бүгінгі күні 176 мамандық білім беру бағдарламаларының 97 тобы бойынша жіктеледі. Қазір жоғары оқу орындары жүзеге асыратын бағдарламалардың реестрі жасалып жатыр. Талапкерлер өздерін қызықтырып отырған топқа қандай білім беру бағдарламасы кіретінін және ол қай жоғары оқу орнында екенін біле алады. Мұнымен қатар әр талапкердің қолына ҰБТ сертификатымен қоса білім беру бағдарламалары тобының тізімі жазылған парақ та беріледі. Онда бөлінген грант саны, өткен жылғы грант байқауының нәтижесі де көрсетіледі.

ҰБТ-да негізгі пәндердің келесі комбинациясы белгіленді:

1. Математика - Физика.
2. Математика - География.
3. Биология - Химия.
4. Биология - География.
5. Шет тілі - Дүниежүзі тарихы.
6. География - Иностранный язык.
7. Дүниежүзі тарихы - Адам. Қоғам. Заң.
8. Дүниежүзі тарихы - География.
9. Қазақ тілі / Орыс тілі - Қазақ әдебиеті / Орыс әдебиеті.
10. Химия - Физика.
11. Шығармашылық емтихан - Шығармашылық емтихан.

Білім беру саласының ішіндегі тиісті пәндер қатар келіп қалған жағдайда талапкерлерге оқу бағдарламасының төртке дейінгі топтарын таңдауға мүмкіндік беріледі.

Мысалы, «Биология» + «Химия» пәндері бойынша жарияланған білім гранты үшін байқауда сіз «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина)» саласы бойынша төмендегі бағдарламаларды таңдай аласыз:
1. «Мейірбике ісі».
2. «Фармация».
3. «Жалпы медицина».
4. «Стоматология».

Оқу бағдарламалары тобының тізімі ҰТО сайтында жарияланады. (https://testcenter.kz).

Оқу бағдарламалары бойынша берілген гранттар саны бекітілген соң БжҒМ мен ҰТО сайтында ЖОО-лар жүзеге асыратын оқу бағдарламалары реестрімен қоса жарияланады.

Құрметті талапкерлер, грант жеңіп ала отырып, оқуға түсерде оқу бағдарламаларының тобынан тиісті бағдарламаны таңдайсыз. Мысалы, «Химия пәні мұғалімдерін дайындау» оқу бағдарламасы бойынша грант иегері оқуға түсерде «Химия» және «Химия-Биология» тобын таңдай алады.


НӘТИЖЕНІ ЖАРИЯЛАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ МЕН БАҒАЛАУДАҒЫ ЖАРИЯЛЫҚ

Өткен жылы ҰБТ барысын онлайн бақылауға мүмкіндік болды. Ал нәтижесін жұрт телеграм-бот көмегімен ЖСН арқылы жылдам біліп алды. Биыл да сол мүмкіндіктер сақталған.

Дереккөз: ҚР Білім және министрлігі баспасөз қызметі