Бейнежазба жүргізушіні СОТТА қорғай алады

0
1 966

Қазір жүргізушілердің көбі бейнетіркеу құрылғыларына ерекше мән береді.


Бейнежазба жүргізушіні СОТТА қорғай алады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Мұндай қызығушылықтың туындауы бекер емес. Мысалы, жолда болатын жағымсыз жағдайларға байланысты сот өтсе, өзіңіздің кінәлі емес екеніңізді осы құрылғы арқылы жазылған видеомен дәлелдей аласыз. Алайда, құзырлы органдарға берген бейнетаспа жағдайға сәйкес келуі қажет!


Бейнетіркегіштің маңызды артықшылықтары

Егер сіз жол-көлік оқиғасына тап болсаңыз, мына кеңестерді еске түсіру қажет:

● Егер көлігіңізде бейнетіркегіш орнатылған болса, міндетті түрде куәгерлерге және уәкілетті органдарға хабарлаңыз. Жол полицейі жасайтын хаттамада сіздің құралыңыз туралы барлық ақпарат көрсетілуі тиіс: камераның үлгісі, жолдың бағыты, видеоның жазылған уақыты мен күні. Бұл өте маңызды. Кейде, тәртіп сақшылары бұл деректерді хаттамада көрсеткісі келмейді. Ондай жағдайда, хаттамаға қол қоймай тұрып, барлық деректі құжатқа енгізуін талап етіңіз. Сондай-ақ, әр сапар алдында камера жолды дұрыс түсіретіндей етіп қоюды ұмытпаңыз.


● Бейнетіркегішті инспекторға тек куәгерлердің қатысуымен ғана беріңіз және мұқият болу керек. Яғни, қажетті ақпараттың барлығы міндетті түрде жазылуын қадағалаңыз. Бұл сіздің видеоңыз жалған емес екенін сотта дәлелдеуге мүмкіндік береді.


● Егер Сізде «полицей жол-көлік оқиғасының басқа қатысушыларымен сөз байласып, видеоны өшіріп жібереді» деген күдік болса, хаттамаға деректерді енгізіп, бейнетіркегішті өзіңізде қалдырыңыз. Есіңізде болсын, сот кез келген жағдайда, сараптаманы сіздегі түпнұсқа арқылы жүргізеді. Ал, тәртіп сақшысы видеоматериалды беруді талап етсе, бірден көшірмесін жасап алыңыз. Бірақ, бейнетіркегіштердің барлығы да көшірме жасауға қабілетті емес. Ондай кезде көшірме жасаудың басқа бір амалдарын табуға тура келеді.


● Ал, дәл сот сәтте алдыңғы әркетті орындау мүмкін болмаса, видеоның көшірмесін кейінірек жасап, оны сотқа арнайы тапсырыс хатпен жібере аласыз.


● Сіз өз құрылғыңыздың қалай жұмыс істейтінін өте жақсы білуге тиіссіз керек. Өйткені, сот бейнетаспадан кемшілік тапса, құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары жайлы сұрақ қоя алады.


Сіздің бейнетіркегішіңіз көлік салонына сән беретін әдемі ойыншық емес, өте маңызды құрал. Оның көмегі тисін десеңіз, барлық бейнежазбаларды сауатты рәсімдеу қажет.

Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Оқ өтпейтін көліктер ҚАНША тұрады?


Білесіз бе? Көлік түсінің ЕКІ ЖҮЗДЕН астам түрі бар!