​Қандай автокөліктерді КУӘЛІКСІЗ айдауға болады

0
2 510

Бұл көліктерді айдау үшін жүргізуші куәлігінің қажеті жоқ.


​Қандай автокөліктерді КУӘЛІКСІЗ айдауға болады

Елімізде жүргізуші куәлігінсіз көлік басқаруға тыйым салынады, бұл – бесенеден белгілі жайт. Көлік айдағыңыз келсе, алдымен кәмелеттік жасқа толуға тиіссіз. Одан соң автомектепте оқып, емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алу керек. Бізде ғана емес, жалпы, әлемнің қай түкпіріне барсаңыз да, осы заңға бағынуға міндеттісіз. Алайда, соңғы уақыттарда рөліне отыру үшін жүргізуші куәлігі талап етілмейтін көліктер де шығарылуда және кей елдер олардың қолданысына рұқсат етіп үлгеріпті.


  • Bellier Jade Classic

Бұл көлікті басқару үшін жасыңыз 16-ға толса болғаны. Бұл – ең басты әрі маңызды шарт. Автокөлік сағатына 40 шақырым жылдамдықты жүріп өте алады екен.


  • Bellier Jade Racing

Бұл көлік те техникалық сипаттамасы жағына алдыңғыға ұқсас. Екеуі бір өндіріс орнынан шығатынын ескерсек, бұл қалыпты жағдай. Тек аздаған айырмасы – аталған автокөлік спорттық үлгіге жақынырақ әрі қауіпсіздік шаралары да молырақ қамтылған.


  • Bellier B8

Дизельді моторлы шағын көліктің бірнеше түрі шығарылған. Бір қарағанда Fiat500 моделінің кішірейтілген үлгісі секілді. Максималды екпіні – 40 км/сағ.


  • Aixam Minauto

Куәліксіз жүргізілетін автокөліктер нарығында ең өтімділердің бірі осы көлік. Өйткені, басқаларға қарағанда бағасы қолжетімдірек. Ал, жүрісі, қуаты мен ыңғайлылығы жағынан жоғарыда аталғандардың ешқайсысынан кем түспейді.


  • Aixam Sensation

Жайлылық пен жабдықталуы жағынан жоғарыда аталғандардың бәрін басып озатын көлік. Алушы үшін ең тиімді тұсы – мотормен жабдықталуының бірнеше нұсқасының болуы. Көбіне электромоторлы түрі өтімді келеді екен.


  • Aixam D-Truck


Франция аумағында кей коммерциялық техникалық қатынас құралдарын жүргізуші куәлігінсіз басқаруға рұқсат етілген. Солардың бірі осы жүк көлігі. Оған 170 келіге дейін жүк артуға болады. Нарықтағы бағасы кей жеңіл көліктер бағасымен шамалас қана.


  • Chatenet CH40

Қытайда құрастырылып шығарылып жатқан жол көлігі. Алайда, оны куәліксіз айдау Қытайдың өзінде рұқсат етілмеген. Бір қызығы, қазіргі уақытта онлайн-сауда нарығын кеңінен жаулап жатқан Алибаба және Алиэкспресс ғаламторлық сауда алаңдарынан сатып алуға болады екен.

Аударған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Автокөліктің ОСЫ БІЛТЕСІН жиі тексеріп тұрсаңыз, БҰЗЫЛҒАН жерін тез табасыз