Хельсинкиде өзін – өзі басқаратын автобустар пайда болды

0
1 294

Жаңа маршрут жаздың басында Кивикко ауданынан іске қосылады. Тестілеу “соңғы километр” мәселесін шешу жолын көрсетеді, дейді мамандар.


Хельсинкиде өзін – өзі басқаратын автобустар пайда болды

ERNUR.KZ. Хельсинки қаласының басшылары алғаш рет өзін-өзі басқаратын автобус сатып алды. Автобус Финляндия астанасының ең ұзын көшесі – «Helsinki Robusline»да сынақтан өткізіліп жатыр.

Жаңа маршрут жаздың басында Кивикко ауданынан іске қосылады. Тестілеу “соңғы километр” мәселесін шешу жолын көрсетеді, дейді мамандар.

«Егер, үйден ең жақын аялдамаға дейін қашықтық бір километрден артық болса, адамдар қоғамдық көлікке емес жеке автомашиналарын пайдалануы мүмкін» -деп алаңдайды жоба авторлары.

Хельсинкиде жүргізушісіз автобустарды сынақтан өткізу «Metropolia» Технологик Университетинің бастамасы. Университет «Sohjoa» бағдарламасы аясында 26 сәуірде Сувилахти ауданында автоматтандырылған шағын автобусты жолға шығарған болатын. Қоғамдық көлік 3 аялдамаға, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10:00 ден 17:00 ге дейін тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Автобусқа қалаған адам міне алады алады. Ал, Университеттің мамандары көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасы бойынша сауалнамалар да өткізіп тұрады.