5 минутта дайындалатын ТОРТҚА арналған КРЕМДЕР

0
3 541


5 минутта дайындалатын ТОРТҚА арналған КРЕМДЕР

Туған күндерге, мерекелік дастархандарға торт пісірмейтін әйел жоқ шығар. Бірақ та көбіне торттың қамыры емес, кремі дұрыс шықпай жатады. Егер торт пісіруде сізде де осындай мәселе туындайтын болса, алдымен крем жасауды үйреніп алғаныңыз дұрыс. Төменде тортқа арналған кремдер мәзірін ұсынып отырмыз.


Ванилин мен жұмыртқа қосылған крем

Қажетті қоспалар:

  • 50 мл сүт
  • 200 гр. қант
  • 1 ай қасық ванилин
  • 4 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 50 гр. ұн

Дайындалу тәсілі:

  1. Жұмыртқаның сары уызынан бөліп алыңыз. Содан соң қант пен ванилин қосып, барлығын жақсылап араластырасыз.
  2. Осы араласпаға ыстық сүтті құйып, отқа қойып, жай отта қайнатасыз. Сүт қоюланғанша отта қайнатқан дұрыс.


Сары май қосылған крем


Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. сары май
  • 4 дана жұмыртқа
  • 1 стақан қант
  • 100 гр. қант ұнтағы
  • Шым-шым ванилин.

Дайындалу тәсілі:

  1. Қант пен жұмыртқаны жақсылап араластырыңыз. Сосын осы араласпаны отқа төзімді кастрөлге құйып, отқа қойып қайнатамыз.
  2. Қант ұнтағы мен сары майды араластырып, осы араласпаға жұмыртқа қайнатпасын қосамыз. Барлығын жақсылап араластырғанда тортқа арналған өте дәмді крем шығады.


Қойылтылған сүт пен сары май кремі


Қажетті қоспалар:

  • 1 құты қойылтылған сүт
  • 200 гр. сары май.

Дайындалу тәсілі:

Ең әуелі сары майды бөлме температурасына қойып, жұмсартып алу керек. Содан соң жұмсақ сары май мен қойылтылған сүтті араластырып, көпіршітесіз. Сонда крем де дайын болады.


Жұмыртқа қосылған крем


Қажетті қоспалар:

  • 200 гр. сары май
  • 100 гр. қойылтылған сүт
  • 2 дана жұмыртқаның сары уызы
  • Шым-шым ванилин

Дайындалу тәсілі:

  1. Қойылтылған сүт пен жұмсақ сары майды бір табаққа салып, миксерлейміз.
  2. Ал, жұмыртқа мен ванилинді араластыру керек. Сосын осы араласпаны көпіршітілген сары май мен қойылтылған сүтке салып, тағы да араластырамыз. Сонда өте тәтті крем де дайын болады.


Ұнтақ жармасынан дайындалған крем


Қажетті қоспалар:

  • 0,5 стақан сүт
  • 1 ас қасық ұнтақ жармасы
  • 1 шай қасық сары май
  • 1 дана жұмыртқаның сары уызы
  • 1 шай қасық ванильді қант

Дайындалу тәсілі:

  1. Сүтті табаққа құйып, отқа қоямыз. Қантты салып, араластырамыз.
  2. Ұнтақ жармасын азырақ сумен араластырып, оны сүтке саламыз. Ұнтақ жармасы салынған сүтті жай отта қайнатып, пісіреміз.
  3. Жұмыртқаның сары уызы мен майды араластырып, осы араласпаға ұнтақ жармасынан дайындалған ботқаны аз-аздан құйып, араластыру керек. Венчикпен араластырсаңыз өте дәмді әрі қою крем шығады.

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Картоп салынған пісірме


ЖЫЛДАМ әрі ДӘМДІ тағам