​Ағайынмен араңыз СУЫП БАРА ЖАТСА КҮЗЕМ ШАЙҒА шақырыңыз

0
3 686

"КҮЗЕМ ШАЙ" ішіп жүрсіз бе?


​Ағайынмен араңыз СУЫП БАРА ЖАТСА КҮЗЕМ ШАЙҒА шақырыңыз

Қазақ халқы кез келген шаруаның басталып - аяқталуын ескерусіз қалдырмаған.

Мысалы, қырықтық аяқталғанда бір үйден соң бір үй күзем шәй берген. Күзем шәй-қырықтық мейрамы. Бұл мейрамды ауыл адамдары өте көңілді өткізген. Ән салып, түрлі ойындар ұйымдастырған. Күзем шәй-жастарды еңбекке, ұйымшылдыққа баулыған.

Күзем шай қазақ халқында ұлттық тағамына, дастарқанына байланысты қалыптасқан. Күрделі істің басталар сәтінде де, ол аяқталған соң да халық оны атау, ескерту үшін малды ауылдарда күзем алынып болған соң әр үй бір бірін шайға шақырып көңілді кеш өткізген.

Мұндай шай шаруалардың көңілін көтеру, ауыл тұрғындарының бір-бірімен бауырмашылдылығын арттырады. Күз мезгілінде жиын-терімнің жиналатын уақыты. Күз мезгілі берекелі мезгіл. Жиын-терім науқаны, қауырт тіршілік, тынымсыз еңбек әрине адамды шаршатады. Ал, күзгі науқан аяқталған соң, арқаны кеңге салып, бір іс бітті деп қуанып, көңіл көтеріп, ойын-сауық жасап, бір-бірін күзем шайға шақыру керемет дәстүр емес пе?

(Суреттер ашық дереккөзден алынды)

Мұндай дәстүр қазіргі кезде орындалып жатыр деп айта алмаймын. Өйткені, жиын-терімнің өзін қазір техникамен жинап, ақыға жасатқан соң, ағайын-туысты, көрші-қолаңды шақырып думандатуға, атап өтуге мүмкіндік бола бермейді.

Ал осындай елдің басын біріктіріп, бір-бірімен дидарластыратын шайлар азайған соң, бұрынғыдай бауырмалдылық азайып бара жатқан сияқты өкінішке орай.

Егін пісіп, оны жинап алатын кезде ғана емес, қойшы ауылда қой қырықтық болады. Сол кезде де күзем шай беріледі. Бұл шайдың «күзем шай» аталуы да мезгілге байланысты. Яғни, үлкен істің бітуі кез келген уақытта аяқталуы мүмкін. Ал күзем шай тек қана күзгі мезгілде, белгілі бір уақытта аяқталуға тиіс жұмыстарға ғана тиесілі.

Күзем шай ішіп жүрсіздер ме? Егін бітік, қой қоңды болсын! Күзем шай дәстүрін де ұмытпай, жалғастыруды қолға алсақ, бауырмашылдық арта түсер еді.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚЫРЫҚ үйден жиналған жыртыс БАЛАЛЫ болуға көмектесе ме?


КӨЛДЕНЕҢ сызығы бар киімді КІМДЕРГЕ киюге болмайды?