Естіген құлаққа ерсі екен... Сіз қолдайсыз ба?
фото: dermalogica.com.tr
Қазан айында Ташкентте тұратын бөле ағамыз ұлын үйлендіріп жатыр екен. Кеше ата-анамды құдалыққа айтып келіпті. «Қуанышты бөліссең көбейеді» демей ме?! Бәріміз құтты болсын айтып, бізден қандай көмек керектігін сұрап жатырмыз. Қажет болса тойға атағанымызды алдын ала берейік деп ойлағанбыз.
«Құдаларым түсінігі мол жандар. Бір-бірімізге сырымыз мәлім. Сіздің қызыңыз біздің үйде, біздің қыз сіздің үйде болса уайымдамаймыз. Көңіліміз тоқ болады. Әрі көпке шығындалмаймыз да деп екі жақтың келісімімен тойды белгіледік. Ұлыма да қыз ұнады. Бір-бірінің көңілінен шыққан соң, уақыт созбай тойды бастадық» деді бөлем.
фото: springclub.com.tw
Оқи отырыңыз:
СӘБИ сүйген АНАҒА мына ҮШ ЗАТТЫ міндетті түрде БЕРІҢІЗ
Алғашында оның айтқандарын бәріміз түсінбей қалдық.
«Қалай сонда? Кіммен құда болдың?» деді әкем.
Бізден мұндайды күтпеген болу керек. Бәріміздің сұраулы жүзімізге кезек-кезек қарап шықты.
«Қызым Рананың қайынсіңлісін келін етіп түсіріп жатырмыз ғой. Сіздер естімедіңіздер ме? Құда алыстан емес. Ескі құдаларым тағы да төрімнен орын алатын болды» деді шаттанып.
Жасыратыны жоқ, бұл құдалық маған тұрпайы естілді.
«Қазақта құдалықтың түрі көп. «Бесік құда», «Бел құда», «Сүйек жаңғырту, «Балдыз қалың» деген салттар бар ғой. Неге сонша таңданасыздар? Біздікі «Қарсы құда» деп аталады.
ҚАРСЫ ҚҰДА дегеніміз – бір-біріне қыз беріп, қыз алады. Текті, көргенді жер болса, қызымды туғанындай қарап, өз әулетінен бөтенсітпесе, аяласа, ардақтаса қалай ол отбасының ұсынысын қабыл алмаймыз. Қанымыз бір емес қой. Жастар тіл табысты, көңілдері жарасты, бірін-бірі ұнатты. Бастысы, бақытты болсын!» деп ақталғандай болды.
Иә, расында да өздеріңіз білесіздер, қазақта құдалардың түрі көп.
ҚҰРСАҚ ҚҰДА (кей өңірлерде бел құда деп айтылады) – қалың достар арасындағы жіптің байлауы болып келеді. Достықтың ізін құдалықпен жалғайтындар бар. Жақын құрбылар да бір-бірінің мінезін, тәрбиесін көріп, қызын алып, ұлын үйлендіргісі келеді.
Ал қатар босанған қүрбылар, достар да бірі ұл, екіншісі қыз босанатын болса, құда болайық деп ниеттенеді. Мұны қазақта «БЕСІК ҚҰДА" деп айтады. Тіпті, нәрестеге құтты болсын айта келген туыстар арасында да бесіктегі қызды айттырып кететіндер кездеседі. Таныс, біліс жерден қыз алса, қалың мал, той шығыны, жасау деген секілді заттарға түсіністікпен қаралады.
Ал бүгінгі заманда көп кездесе бермейтін «БАЛДЫЗ ҚАЛЫҢ» деген де салтымыз бар. Бұл қайғылы жағдай орын алғанда кейбір отбасында ғана орын алып жатады. Көбінесе қарым-қатынас үзіледі.
Балдыз қалың екі жақ құдаласып, той белгілеп, қалың мал төленіп қойған кезде қайғылы жағдай орын алып болашақ келін қайтыс болса, орнын сіңлісі басып, келін болу керек. Мұны көпшіліктің көңілі көтермейді. Егер екі жақ келіссе, жастар қарсы болмаса, құдалықты жалғастырудың әбестігі жоқ. Ол кезде шамасы жетіп жатса қалың малды еселеп береді. Міне, осы қалың малдың артығы «Балдыз қалың» деп аталады.
Бөлемнің құдалығының «Қарсы құда» екенін жоғарыда оқып білдіңіздер. Қандай құдалық болса да құтты болсын айтайық. Жастар бақытты болсын!
Жазып алған - Асыл АРМАН,
Оқи отырыңыз:
Себепсіз ЖЫЛАЙ БЕРЕТІН балаға МЫНА ЫРЫМДЫ қолданып көріңіз