​«СҮТ АҚЫ» және «ЖІГІТ ТҮЙЕ» салты орындалып жүр ме?

0
1 170

"Сүт ақы" мен "жігіт түйе" міндетті түрде берілуі тиіс пе?


​«СҮТ АҚЫ» және «ЖІГІТ ТҮЙЕ» салты орындалып жүр ме?

фото: cool-readers.ru

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар дегендей, ұлт ретінде біздің өлмес қазынамыздың бірі осы құдалық рәсімі кезінде жасалынатын ғұрыптар. Әсіресе, екі жастың үйлену тойында түрлі кәде-сый жасалады. Қалыңмалдан бастап қалыңдықтың ата-анасына, бауыр-туыстарына берілетін сыйлықтардың шеті мен шегі жоқ. Әрине, әркім қалтасы көтергенін, көрпесіне қарай көсілетін заман. Сонда да елден қалмайын деп тырмысып, тұрмыстық тапшылықтарға да жол беріліп жататыны жасырын емес. Ең бастысы, шаңырақ көтерген екі жастың үй болып кетуі, бақытты отбасы болуы басты орында емес пе?!

Ендеше, қалыңдыққа берілетін қалыңмалы мен қыздың артынан апаратын жасау-жүгі аса ысырапшылдыққа құрылмауы тиіс. Оған қоса атқарылатын тағы да толып жатқан кәделерді орындаудың өзі жігіттің де қалыңдықтың да ата-анасына әжептеуір күш түсіретіні анық.

Солардың бірі – «ана сүтінің» ақысы. Мұны кейбір отбасы сұратпайды. Шындығында ананың сүтін ешбір дүниемен өлшей алмасымыз, орнын толтыра алмайтынымыз да анық қой. Сонда да бұл қазақтың ежелден жалғасып келе жатқан жолы, жөн-жоралғысы.

Ананың баланы өмірге әкелудегі, тәрбиелеп өсірудегі еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Талай шығармаға арқау болған, хадистерде келтірілетін «ана сүтінің» ақысын ешкім өтеген емес. Шындық осы. Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз бір сахабаның үш рет қойған сауалына да: «Бұл дүниедегі жылы сөз бен жақсы лебізге лайық адам – ана!»– деп үш мәрте жауап қайтарады. Бұған қоса «Жәннат –ананың табанының астында» деген белгілі хадисі де ананың ұрпағына деген қадір-қасиеті мен өлшеусіз еңбегін еселей түскендей. Таңғалатын жағдай сол – ешкім ешқашан өтей алмайтын «ана сүтінің» ақысын қыз алуға келетін құдалар жақтың ақшалай, не заттай «өтеп» бере алатыны.


фото: polinka.top

Сүт ақы

Сүт ақы – күйеу жігіт тарапынан қалыңдықтың анасына берілетін 1-2 түйе, жігіт түйе – қыз әкесінің ата күшіне төленетін қымбат шапан, ер-тұрман. Заманға сай талап та өзгерді, бұл дәстүр ғасырлар бойында қалыптасып, пісіп-жетілген, екі жастың шаңырағы мықты да, ауқатты болуын қамтамасыз ететін, некенің берік болуы үшін төленетін материалдық кепілдік деп түсінген жөн.


Жігіт – түйе

Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата-ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, ата күші үшін «жігіт – түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе, жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер-тұрман әкеледі. Ата риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді.

Дайындаған: Г:Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«БҮЙРЕК СЫБАҒА» кімге беріледі?


«АТАУ-КЕРЕ» дегеннің мағынасын білсеңіз, бұлай айтпас едіңіз