«ЖИЕН» сөзінен жиренбеңіз! НЕМЕРЕ мен ЖИЕНнің ара жігін ажырата білгеніңіз жөн

0
5 906

Жиенді "немерем" дейсіз бе? Онда...


«ЖИЕН» сөзінен жиренбеңіз! НЕМЕРЕ мен ЖИЕНнің ара жігін ажырата білгеніңіз жөн

Өйткені, қыздан туған баланы қазақ ешқашан немере деп атамаған. Бұл кемсіту немесе бөлектеу емес, керісінше жиенге деген құрметтің, сыйластықтың белгісі.

Жиен сөзінің пайда болу төркініне тоқталайықшы. Мұның уәжі тіптен қызық.

«Ертеде қыз төркіндеп, бала-шағасымен барғанда, нағашысы қызының баласына мал таңдатады екен. Бала қалаған малын таңдап, ен салып кетеді. Жаз шыға мал толысқан соң, әлгі бала нағашылап келгенде, нағашысы: «Балам, жи еніңді!» деп малын жинатып алады екен. Халық аузында «жиен» атауы осылай пайда болыпты деген сөз бар.

Яғни, жиеннің нағашысына келіп, еркелеп, қалағанын алып кетуіне хақысы бар. Жиеннің орны немереге қарағанда биіктеу, біле білсеңіз.

Өйткені, «жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» дегендей, қыздан туған ұлдың көбінесе нағашысына тартатыны да ғылыми дәлелденген.

Биологиялық сараптама жасаған ғалымдардың пікірінше, баланың қан құрамының 70 пайызы анасынан беріледі деген тұжырымдар бар. Бұл философиялық ой, дана тұжырым.

(Суреттер ашық дереккөзден алынды)

Жақында қоғамдық көлікте келе жатып, алдыңғы орындықтардың біріне жайғасқан екі әйелдің бір-бірінен жөн сұрасып, әңгімелесіп келе жатқанының куәсі болдым. Әрине, қоғамдық көлікте көпшілік орны болған соң, жолаушылардың танымаса да әңгіме-дүкен құрып, шүйіркелесіп кететіндері де бар. Қазақ бір-бірімен сұраса келе «туыс» болып шығатыны бар емес пе?!

Менің алдымда жайғасқан екі әйел де осылай ортақ таныстары бар адамдар болып шықты. Содан әңгімелері жарасып, жеке танысуға да көшті.

«Қанша балаң бар?» деп сұрады бірі. Екінші оған «Қазақ баланың санын айтпайды дейді ғой, сонда да менікі емес, Алланыкі дейін, Алла берген бес ұл, бір қызым бар» деді.

Солай әңгіме таныстыққа көшіп, немерелер жайлы сұрауға көшкенде айналасындағы адамдарды елең еткізіп, өзінің аузына қаратқан сәт орын алды.

Өйткені, шынында да қай қазақтан сұрасаңыз да «пәлен немерем, түген жиенім бар» деп ешқашан айтпайды. Ұлдан да, қыздан да тараған ұрпақты біріктіріп, «немерелерім» деп айтады. Жиеннің елі бөлек, руы бөлек, қаны бөлек. Ал немере өз қаның.

Өз қаның болған соң, өзектен тепсең де кетпейтін немере мен нағашысына жиендік жасай алмаса өкпелейтін жиеннің әрқайсысының өз орны бар.

Атадан балаға мирас болып келе жатқан қазақтың жиендік салт-дәстүрінен, атап айтқанда «жиен» сөзінен қызының көңіліне қарап, немесе намыстанып бәрін немере көріп, жиен сөзінен жиреніп жүргендерге қайран қаламын.

Біз секілді үлкендер, немере сүйген, жиенді құрметтеген, қазақтың дәстүрін дәріптеп, ғибратқа толы дәстүрімізден өнеге көрсете білсе деген ойдамын.

Осылай деп білгенімен бөлісіп, өзінен кейінгілерге өнеге көрсете алатын апаларымыз көп болса, білместіктер азаяр еді.

Дайындаған: Г.ЖҰМАДІЛДЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТҮС жорудың да жөні бар


«ИТАЯҒЫНА САЛУ» дәстүрін жаңғыртып жүрміз бе?