​«Жүргенге жөргем ілінеді» - «ЖӨРГЕМ» деген не?

0
936

"Жолаушының сыбағасы" деп ағашқа жөргем іліп кететін болған.


​«Жүргенге жөргем ілінеді» - «ЖӨРГЕМ» деген не?

ото: stroi-grupp.com

Бұл сөзді естімеген қазақ жоқ шығар. «Жүргенге жөргем ілінеді» деп айтып жатады. Бірақ оның мағынасын тарқатып айтып бере алатын адам аз.

Жалпы мағынасын аша келе, отбасын асыраушы ер адам түзге шығып, отбасына азық боларлық табыс тауып келеді. Сонда құр үйде жатқанша, қимылдап жүрген адамның қарны тоқ болады, тамағына татитын бірдеңе табылады деген мағынаға саяды ғой.

Дегенмен, қазіргі таңда «шақырылмаған қонақ-сыпырылмаған жерге отырады» деп қазақы қонақжайлылықтан да біртіндеп ажырап жатқандаймыз. Тек шақырылған жерге барып, шақырусыз ешқайда бармаймыз.

Ыбырайым (Ибраhим) пайғамбардың Құдай сүйген тағы бір қасиеті болыпты. Ол бір жаққа сапар шегетін болса, үйінің есігін ашып кетеді екен. «Біреу қонаққа келсе, аш кетпесін» деп, дастарқанға азық-түлік сақтап қоюды әдетке айналдырады. Ол жоқта үйіне келген мейман-мүсәпірлер ас-ауқаттан дәм татып, риза болып жүріпті. Пайғамбардың бұл ісі айналасындағы көрші-қолаңға, ұрпағына үлгі болады.

Бұл жоралғы қазақ халқының да қонақжайлық дәстүріне айналады. Ел қоныстан көшкенде ағашқа жөргем іліп кетіп отырады. Мұны «жолаушының сыбағасы» деп атайды. Ел көшер алдында арнайы мал сойып, оның ішектерін пісіреді де, жақын маңдағы ағаштарға іліп кетеді. Қарны ашып келе жатқан жолаушы жөргемге кездессе, оны суға қайнатып, нәр алады екен.

Қазақ арасындағы «жүргенге жөргем ілінеді» деген сөздің астарында Ыбырайымнан қалған үлгі-өнеге жатыр деседі.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:


КИІМді адам үстінде киіп тұрғанда ТІКПЕЙДІ

Қыздан тараған ЖЕТІ ҰРПАҚты білесіз бе?