Мамандар ас содасының көмегімен 3 күнде 10 келі салмақ тастауға көмектесетін диетаны ойлап тапты.
фото: itd1.mycdn.me
Соңғы уақытта диетаның түрі өте көп. Таңдау да жетерлік. Алайда жылдар бойы жиналған денедегі артық майды бір сілкіп тастап жоя салу мүмкін емес. Сондықтан да мамандар бұл тұрғыда көптеген зерттеулер жүргізіп, ас содасымен 3 күнде 10 келіге дейін салмақ тастауға болады деген шешімге келген.
Әрине, бұлайша семіздіктен арылу қисынға сыймайды деуіңіз мүмкін. Дегенмен, қыз-келіншектер әдемілік үшін, сымбатының сымдай тартылуы үшін ағзаға зиянды дәрілерді де ішіп жүргені белгілі. Ал, ас содасы химиялық қоспаға бай, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін дәрілерге қарағанда әлдеқайда пайдалы деуге болады. Оның үстіне ас содасымен тез салмақ тастауға болатыны шындық. Бұл туралы біз «Арықтаудың ең арзан түрін білесіз бе?» деген тақырыппен алдыңғы мақалаларда жазған болатынбыз. Ендеше осы тақырыпты жалғастырсақ.
фото: mojepotkrovlje.rs
Ас содасы – өте пайдалы химиялық құрамы бар тұз. Ол сумен араласқаннан кейін реакцияға түсіп, майларды ерітуге кіріседі. Алайда ас содасын белгілі мөлшерден асырып пайдалану адам өміріне өте қауіпті. Сондықтан да мөлшермен ғана пайдаланған дұрыс.
Ас содасын асыра салсаңыз, мынадай жағдайларға тап болуыңыз мүмкін: жүрек айну, лоқсу, бас айналу, бас ауруы, мазасыздану. Ал, ең қауіптісі – іш ауруы. Ас содасы салынған суды ішкеннен кейін іш ауруы, қан түкіру, жиі-жиі әжетхана бару жағдайлары болса, тез арада жедел-жәрдем шақыру керек. Ас содасымен арықтауға тоқталмас бұрын қауіптілігін айта кету маңызды. Өйткені мұндай қауіптің бар екенін білмейтіндер ас содасын көбірек салып ішіп, тезірек арықтауға қол жеткізгілері келеді. Алайда, барлық нәрсенің өз шегі болатынын ұмытпау керек.
Диетологтар ас содасымен арықтаудың ең тиімді әрі пайдалы жолын тапты. Бір стақан жылы суға жарты шай қасық ас содасын салып ішу. Бұл бір күндік мөлшер. Егерде мұндай жағдайда да мазасыздықты сезінетін болсаңыз, бұл диетадан бірден бас тартқан дұрыс. Ал, асқазанның ойық жарасы, асқазан ауруы барларға мамандар ас содасын ішуге мүлде болмайтынын айтады.
Бір стақан жылы суға жарты шай қасық ас содасын араластырып аш қарынға тамақтанудан 30 минут алдын ішеді. Мұндай суды тәулігіне екі рет ішуге болады: таңертең және түскі мезгілде. Кешкі уақытта ішу ұсынылмайды. Себебі асқазан-ішек жүйесінің жұмысы бұзылып, ауруға шалдықтыруы да ғажап емес. Ас содасын қабылдауды бастаған күннен бастап дұрыс тамақтануды да қолға алған дұрыс. Сонда көбірек салмақ тастап, сымбатты бола түсесіз.
Ас содасымен өте тез арықтауға көмектесетін мынадай 3 диета бар:
фото: hudelka.com
- Алғашқы диета денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Дегенмен, сұлулықты бірінші орынға қойып, арықтауға бел байласаңыз, бір ас қасық ас содасын бір стақан жылы сумен араластырып, тамақтанудан жарты сағат алдын аш қарынға күніне үш рет ішесіз. Бір стақан суды үшке бөліп алып, үш рет қабылдауға немесе таңертеңгі уақытта бірден ашқарынға іше салуға да болады. Бұл диета сізге күніне 1 келіге арықтауға көмектеседі.
- Екінші диета алдыңғы емдәмнен де зиянды болуы мүмкін. Аталмыш сусынмен 3 күнде 3 келі, ал, 2 аптада 10 кг салмақ жоғалта аласыз. Мұнда сіз бір стақан жылы суға 2 ас қасық ас содасын, азырақ қара шай мен бірнеше тамшы лимон шырынын қосасыз. Жақсылап араластырып, 2 күн тұндырып қоясыз. Содан соң таңертең ашқарынға тамақтанудан жарты сағат алдын 1 кеседен қабылдайсыз. Жалпы мұндай сусынды үш литрлік банкаға бірден дайындап, апта бойы ішеді.
- Үшінші диета 3 күнде 5 келіге дейін арықтауға септігін тигізеді. Ол үшін 1 литрлік банкаға су құйып, 3 ас қасық ас содасын салу керек. Сонымен бірге жарты лимонның шырыны мен 1 шай қасық қант қосады. Осылайша дайындалған сусынды ашқарынға 2-3 рет ішу ұсынылады. Алайда емдәмді араға тек 2-3 күн салып жалғастыруға болады. Себебі, аталмыш диета бауыр жұмысына әсер ететіндіктен 2-3 күнде бір рет ғана 1 кесе ішуге рұқсат етілген.
Диетаны қолданбас бұрын дәрігермен кеңесіп алу қажет.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
Тағы да оқыңыз:
Роза Әлқожа: 25 келі салмақ тастадым