Аптап ыстық артық салмақтан арылуға көмектеседі

0
3 709

Жаздың күні қай уақытта және қайда жаттыққан дұрыс?


Аптап ыстық артық салмақтан арылуға көмектеседі

Жаз мезгілінде спортпен таза ауада айналысуға мүмкіндік мол. Бірақ, аптап ыстықта даладағы жаттығулар бірқатар жайсыздықтар тудыруы мүмкін. Дегенмен, оның да шешімі бар.


Қайда және қашан жаттыққан дұрыс?



Егер сіз көшеде жүгіретін болсаңыз, кешкі уақыт ыңғайлы. Таңғы салқын ауамен немесе кешке сағат 18.00-ден кейін жүгіруге шықсаңыз болады. Ал, ол уақытқа сіздің жұмыс кестеңіз сәйкес келмесе, дене қозғалысын көлеңкелі саябақтарда жалғастырыңыз. Әлбетте, өзіңізге ыңғайлы тұратын киім таңдау керек. Әсіресе, мойын тұсын жауып тұратын киім киген жөн. Күнге тез күйетін тері бөлігі де осы жер. Күннен қорғану үшін бас киім де артық болмайды. Киген киіміңіз өте жұқа әрі жеңіл болуы тиіс.


Ыстық ауа райынды қыздырыну керек пе?

Әлбетте. Жаттығу жасамас бұрын денені қыздырып алу керек. Бұл ауа райына байланысты емес. Күн ыстық болған жағдайда да кез келген жаттығуды бастау үшін денені міндетті түрде қыздырып алыңыз. Күннің ыстығына орай қыздырынған кезде дене қызуы көтерілген тәрізді болады. Бірақ, бұлшықет температурасын ағза өзі-ақ қалыпты ұстап тұрады. Дұрыс қыздырыну – жақсы қан айналымының кепілі.


Су ішу тәртібі: дейін немесе кейін



Жаттығуға дейін және дайындық кезінде ішілген су шөлді басып қана қоймайды. Ол дене қызуының көтеріліп кетпеуін қамтамасыз етіп тұрады. Егер адам жаттығу кезінде 2-3 % сұйықтық жоғалтатындай терлесе, денесі қыза бастайды. Сондықтан, жаттығуға кіріспестен 1,5 сағат бұрын 400-500 л су ішіп алу керек. Сол уақыт аралығында су бойға сіңіп, асқазанға ауырлық түсірмейді. Әрі жаттығу кезінде жеңіл қозғалуға жағдай жасайды. Ал, жаттығу барысында шөл қысса, аз-аздап ұрттап ішіп отырған жөн.


Жаттығу арнайы залдарда жасалатын болса...

Бұл жердегі жайлылық сіз таңдаған фитнес-клубтың жасаған жағдайына байланысты. Бөлме температурасы +18, +21 градус болатын болса, сізге даладағы аптап ыстықтардың еш кедергісі бола қоймас. Тек салқындатқыш кондиционерлердің жанында ұзақ тұрмағаныңыз абзал. Қозғалыста қызып тұрған денеңізге салқын ауа жайлы болғанымен, суықтап қалуыңыз мүмкін.


Егер бұлшықетіңізді жазға дейін жаттықтырып үлгермесеңіз...



Денесі сымбатты, бұлшықеттері жаттықтырылған адамдар ыстық ауа райына төзімсіз болып келеді. Әсіресе, спортшылар үшін бұл әжептәуір мәселе. Жаздың күндері оларда асқа деген тәбет азайып, ұйқы қаша бастайды. Өйткені, әдемі дене үнемі қызып жүреді. Бұл әсіресе ер адамдарға қатысты айтылған. Сондықтан, кең иықты, жауырынды болуға бағытталған жаттығуларды қыс мезгілінде де жасауға болады. Жазда тек жүгіру секілді жеңіл жаттығуларды жасап жүрген дұрыс.


Аптап ыстық артық салмақтан арылуға көмектеседі

Бұл сөздің жаны бар. Артық салмақтын құтылу үшін жаз мезгілі өте тиімді. Себебі, бұл кезеңде жаттыққан адам суды едәуәр көп мөлшерде ішеді. Сумен бірге тершеңдік те пайда болады. Терлеу арқылы біраз салмақты тастауыңыз мүмкін. Бірақ, терлеу керек екен деп қымтанып киінуге болмайды. Тағы бір ерекшелігі, су ішілген сайын адамның тәбеті де төмендей түседі. Мұның да өз кезегінде артық салмақтан арылуға көмегі тиеді.


Жаттығудан кейін тамақтану керек пе?


Міндетті түрде тамақтану керек. Себебі, сіз өз күшіңізді жаттығуға жұмсадыңыз. Енді сол энергияның орнын толтыру қажет. Ол үшін құрамында ақуыз бен көмірсулары бар тағамдар пайдалы. Жаттығудан кейінгі алғашқы 40 минут ішінде тамақтанып алғаныңыз абзал. Осы уақыт аралығында тұтынған тағам денеге сіңімді болады. Әрі сымбатты болуыңызға, деніңіздің сау болуына ықпал етеді. Коктейль, ірімшік жеген дұрыс. Жаттығудан кейін өте жеңіл әрі пайдалы. Ал, еттен жасалатын тағамдарды мейлінше аз тұтыну керек.


Жүрегіңізде ақау болса...

Дене қызуы 1 градусқа артқан жағдайда жүректің соғу жиілігі 10-12 пайызға артады. Жүрек ағзаны салқындату үшін қан айналымын жылдамдатады. Ал егер жүрегіңізде әлдеқандай дерт болатын болса, жаздың күні жаттығу жасамаған жөн. Себебі, ыстық ауа райы ондайда қолайсыздық тудыруы мүмкін. Бұл кезең артериалды гипертонияның өршитін уақыты. Сондықтан, қандай да бір дене жаттығуын жасамас бұрын дәрігер кеңесіне құлақ асқаныңыз абзал. Жүрекпен ойнауға болмайды. Деніңіз сау болсын!

Дайындағын: Н.Налтай,

ERNUR.KZ.

Тағы да оқыңыз:

Тамақтанудағы 3 ҚАТЕЛІК артық салмақтан арылуға КЕДЕРГІ жасайды


АЛЛЕРГИЯНЫ жеңгіңіз келсе, ЖАЯУ жүріңіз