Арықтауға 100% көмектесетін доп

0
4 941

Фитбол – өте пайдалы спорттық доптардың бірі. Фитболмен жасалатын жаттығулар арқылы сымбатыңызға сымбат қосып, күн өткен сайын сұлулана түсесіз. Өйткені бүгін сіздерге фитболмен жасалатын жаттығулардың ең тиімді әдістерін ұсынбақпыз. Әр күн сайын 10 минуттық жаттығу жетіп жатыр. Ендеше, жаттығуды бастайық!


Арықтауға 100% көмектесетін доп

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Фитбол – өте пайдалы спорттық доптардың бірі. Фитболмен жасалатын жаттығулар арқылы сымбатыңызға сымбат қосып, күн өткен сайын сұлулана түсесіз. Өйткені бүгін сіздерге фитболмен жасалатын жаттығулардың ең тиімді әдістерін ұсынбақпыз. Әр күн сайын 10 минуттық жаттығу жетіп жатыр. Ендеше, жаттығуды бастайық!

Фитболмен отырып-тұру

«Бұл қалай жасалады?» деп ойланып тұрған боларсыз? Иә, әрине қарапайым отырып-тұру жаттығуына қарағанда жасалуы жағынан қиындау болғанымен қауіпсіз саналады. Себебі жаттығу фитболды арқаңызға қойып, қабырғаға дөңгелету арқылы жасалады. Осылайша көбірек отырып-тұруға болады. Сол арқылы мүсініңізді

келісті етесіз. Жаттығуды 25-30 рет қайталаған дұрыс.


Әдемі әрі түзу аяқтар

Аталмыш жаттығуды орындау үшін фитболдың үстіне аяқты қойып, жартылай отырып-тұру жаттығуын жасауыңыз керек. Бұл жаттығудың басқалардан екі айырмашылығы бар: әсер ету екі есе артады, тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.

Әрбір аяқпен 10 рет отырып-тұрасыз.


Қолға арналған жаттығу

Фитболмен дененің барлық жеріне әсер етуге болады. Қолдардың әдемі болуы да әрбір қыз-келіншектің

арманы. Сондықтан да жаттығуларды ерінбей-

жалықпай, дұрыс орындауға тырысыңыздар.

Фитболдың үстіне аяқты қойып, алға қарай созылыңыз да, сол қалпы отжимание жасауға кірісіңіз. Дәл осылай отжимание жасау оңай әрі пайдалы. 10 рет қайталанады.

Арқаның түзу болуына көмектеседі

Сымбатыңыздың тартымды болғаны арқаға да байланысты. Егер күн сайын фитболмен жаттығатын болсаңыз, бұл мақсатқа да жетесіз. Алдымен фитболға қарынмен етбеттеп жатып, аяқтың ұшын жерге тіреңіз. Ал, қолды екі жаққа жазасыз. Арқаны түзу ұстап, бұл жаттығуды 10-12 рет қайталайсыз.


Іштегі майды кетіретін жаттығу

Еденге шалқалап жатып, допты аяғыңызға қыстырып аласыз. Сосын допты қолыңызға өткізесіз. Осылайша жаттығуды қолдан аяққа өткізіп, бірнеше рет қайталаңыз. Жаттығу 15-20 рет жасалуы тиіс.

Әрбір жаттығуды дұрыс орындауға тырысыңыз. Сонымен қатар, берілген жаттығуларды мөлшерінен асыра орындаған да дұрыс. Мысалы, 10 реттен жасалатын жаттығуды үйренгеннен кейін 15 рет қайталауға болады. Міне, сонда сіз фитбол жаттығуларының тиімділігін байқайсыз.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ