Жаттығуды орындау барысында ішіңіз, қолыңыз және сан бұлшықеттері түгел жұмыс істейді.
фото: thesociallit.com
Күніне бір жаттығу орындап та артық салмақтан арылуға болады. Қалай десеңіз, біз ұсынған фитнес түріне назар аудара кетіңіз. Іш пен жамбас бұлшықеттерін, аяқ пен қолға қатар әсер ететін бұл жаттығудан оң нәтиже болары сөзсіз.
Жаттығуды қалай орындайды?
1-қадам
фото: adme.ru
Етпетіңізбен диванға немесе еденге жатасыз. Денеңізді барынша соза түсіңіз.
2-қадам
Аяқ және қолды созасыз. Алақандарыңыз ішкі бетке қарай бағытталып тұрады. Осы кезде іш бұлшықеттеріне қысым түседі.
3-қадам
фото: adme.ru
Ішіңіз, қолыңыз және сан бұлшықеттері жұмыс істейді. Ол үшін тереңірек дем алып, қолыңызды алға созасыз. Етпетіңізбен жатқан күйде аяғыңызды да барынша еденнен көтеруге тырысамыз. Осы қалыпта бірнеше секунд тұрасыз да, ақырындап бастапқы қалпыңызға түсесіз. Бұлшықеттер шаршағанша жасауға болады. Содан соң арқаңызбен жатып қолыңызды жоғары көтеріп, жақсылап созыласыз. Бұл жаттығуды күнделікті әдетке айналдырсаңыз, көп ұзамай денеңізден нәтижесін байқауға болады.
4-қадам
фото: adme.ru
Ең керемет нәтижеге қол жеткізу үшін тағы бір қимылды қосуға болады. Бұл – арқаны тіктейтін, ағзамызды қуаттауға көмектесетін жаттығу түрі. Ішпен жатқан қалпыңызда екі қолыңызды алға қойыңыз. Тыныс алып, басыңызды алға көтеріңіз де, түзу тұрған аяқтарыңызды созыңыз. Артынша қолыңызды артқа жіберіп, тобықтарыңыздан ұстаңыз. Ал деміңізді шығарған кезде еденнен кеудеңіз бен мықынды көтеріңіз. Дәл осы қалыпта бірнеше секунд тұра тұрыңыз.
Дереккөз: adme.ru
Н.НАЛТАЙ,
Тағы оқыңыз:
ЕКПІНДЕП жүру ЖҮРЕК ауруынан САҚТАЙДЫ