​Диванда жатып-ақ орындауға болатын өте пайдалы 4 жаттығу

0
4 369

Бұл оңай жаттығулар сізден дертті де, кәрілікті де алыстатады.


​Диванда жатып-ақ орындауға болатын өте пайдалы 4 жаттығу

фотолар: ашық дереккөздерден алынды

Адамның алақанында барлық мүшемен байланысып жатқан биологиялық нүктелер бар екенін бәрі біледі. Сағаттап фитнес залда жүрмей-ақ алақандағы нүктелерді белсендіру арқылы денсаулықты нығайтуға болады.

Алақандағы нүктелерге әсер ету арқылы өмірлік «ци» энергиясының алмасу жылдамдығын арттырасыз. Ал «ци» энергиясы бүкіл ағзаның, он екі мүшенің саулығына ықпал етеді.

Біз орындалуы қарапайым болғанымен, емдік әсері ғаламат 4 цигун жаттығуын ұсынамыз. Бұл жаттығуларды отырып, диванда жатып, тіпті көшеде жүріп бара жатып та орындай аласыз.



1-жаттығу: Шапалақтау

Барлық мүшелердің жұмысын реттеп отыру үшін күнде таңертең ұйқыдан тұрғанда, төсекте жатып алақандарды бір-біріне 20 рет шапалақтаңыз. Сосын орныңыздан тұрып қолдарыңызды бастан жоғары көтеріп 20 рет қатты шапалақтау керек.

Екі алақанды бір-біріне шапалақтау – жүрекке, басқа да ағза мүшелеріне қан жүгіріп, өлі жасушаларды тірілтіп, жаңартады, сергек етеді, ағзаның жұмыс істеуін, қанайналымды жылдамдатады.

Концерттер мен спектакльдерде әр нөмір сайын шапалақ ұрудың негізгі мақсаты да сол – бір орында тапжылмай отырған адамды сергіту, алақандағы биологиялық нүктелер арқылы бүкіл ағзаға қан жүргізудің амалы.

Әсіресе, қимыл-қозғалысы аз қарт адамдарға, күні бойы компьютер алдында отырып жұмыс істейтіндерге алақандарды бір-біріне ұрғылап шапалақтаудың пайдасы үлкен.

Шапалақ ұру жаттығуын тек таңертең емес, күндіз ұйқы қысып маужырағанда, әлдеңе көңіл күйіңізді түсіргенде, мазаңыз қашса, басыңыз ауырса, ққатты шаршағанда да орындасаңыз көмегі зор.



2-жаттығу: Алақанды жұдырықтау

Алақан ортасында «лао-гун» деп аталатын нүкте бар. Осы нүкте үнемі белсенді болса, жүректің және тоқ ішек пен аш ішектің жұмысы да баяуламайды.

Алақан ортасындағы нүктені тибеттіктер «жедел жәрдем» нүктесі деп те атайды. Яғни, егер ішіңіз жиі қатса, жүрегіңіз сыздап ауырса, ас дұрыс қорытылмаса, алақандағы «лао-гун» нүктесін уқалаңыз. Немесе алақанды жұдырықтаңыз.

Нақтырақ айтсақ, сол алақанды оң қолыңыздың жұдырығымен 20 рет ұрғылаңыз. Сосын керісінше, оң қолдың жұдырығын жазып, сол қолды түйесіз. Сол қол жұдырығымен оң қол алақанын ұрыңыз. Таңертең бір рет, кешке бір рет қайталаңыз.

Тым қатты ұрғылаудың қажеті жоқ. Жаттығуды күніне бірнеше рет орындау артықтық етпейді.



3-жаттығу: Саусақ ұштарын ұрғылау

Саусақпен орындалатын жаттығулардың мидың жұмысын жақсартатынын білетін шығарсыз. Ол ми нейрондарының байланысын, есте сақтау қабілетін, тіпті көздің көруі мен құлақтың естуін де жақсартады. Сонымен қатар саусақ ұштарын ұрғылау вибрациясы жүрек пен ми жұмысын жақсартып, иммунитетті нығайтады.

Орындалуы: Екі қолыңыздың саусақ ұштарын бір-біріне ұрғылайсыз. Екі рет шапалақтап, сосын он рет саусақ ұштарын ғана бір-біріне қаттырақ ұрғыласаңыз да болады. Осылай 1-жаттығу мен 3-жаттығуды қосып орындай аласыз. 20 рет қайталаңыз.



4-жаттығу: Алақанды ысқылау

Жаураған кезде екі алақанды бір-біріне тигізіп ысқылайсыз, міне, осы керемет жаттығу. Бірақ алақандарды ысығанша (немесе жылығанша) үйкелеңіз. Алақанды ысқылап отырып саусақтарыңыздың арасын ашып, саусақ арасын да ысқылауды ұмытпаңыз.

Бұл жаттығу гормональды жүйенің жұмысын, қан қысымын реттейді.


Осы төрт жаттығуды күнде орындайтын болсаңыз, көп аурудың алдын аласыз және кейбір дерттен дәрісіз-ақ емделесіз.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Тыныштандыратын ДӘРІНІ АЛМАСТЫРАТЫН 3 минуттық жаттығу

Қарттарға арналған ПАЙДАСЫ ЗОР жаттығулар