​Фитнес-резеңкенің пайдасын білесіз бе?

0
2 592

Фитнес-резеңкемен аптасына 3-4 рет 30-40 минуттан жаттығып отыру керек.


​Фитнес-резеңкенің пайдасын білесіз бе?

Әдетте көпшілігіміздің фитнес залдарына баруға мүмкіндігіміз бола бермейді. Ал карантин болғалы барлығымыз жаттығуды тек үйде жасауға кірісіп кеттік. Үйде спортпен айналысу үшін арнайы құрылғылар мен жүгіру жолақтарын сатып алудың қажеті жоқ. Қарапайым фитнес-резеңке болса болғаны.


Фитнес-резеңкелер спорт залдарға бармай-ақ адамның дене бітімін сымбатты етуге көмектесетін заманауи құрал. Мұндай резеңкенің қолданыла бастағанынына біраз уақыт өтсе де, ол енді ғана танымалдыққа ие болып келеді. «Резеңке ме?», - деп көңіл аудармай қоймаңыз. Бұл тренажерлық заттың айтарлықтай пайдасы бар.


1. Бұл - өте ыңғайлы құрал. Фитнес жіптер немесе резеңкелер кіші өлшемде болады. Сондықтан кез келген сөмкеге сыйып кете береді. Оны бір спорт залымен салыстыруға болады. Соған қарамастан салмағы 1 келіге де жетпейді.

2. Өнімділігі жоғары. Бұл бұйым жаттығу жасау масштабының әр алуандығымен таң қалдырады. Сіз фитнес-жіптер арқылы әр түрлі жеңіл және ауыр жаттығуларды да жасай аласыз. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де оның пайдасы зор. Әрі жаттығу орындаған кезде де ерекше көңіл-күй сыйлайды. Фитнес-ленталар арқылы жасалатын кез келген жаттығу нәтижелі, өнімді болмақ.

3. Бұлшық еттің тонусын нығайтуға көмектеседі әрі болбыр денені қатайтады. Фитнес-резеңкемен жаттыққанда бөксе, қол, иық, іш пен арқа бұлшықеттерін түгел жұмыс жасайды.

4. Резеңкемен бірқалыпты жаттығу жасауға болады. Қаншалықты созылу керек екенін өзіңіз бақылап отыра аласыз.

5. Тізесі ауыратын адамдарға өте қолайлы құрал. Аяғы ауыратындарға отырып-тұру сынды жаттығуларды жасауға болмайды. Ал резеңкемен отырып-тұрмай-ақ бел мен бөксені жаттықтыруға болады.

6. Салмағы жоғары әрі омыртқасы ауыратын жандар да дәл осы құралмен жаттыққаны жөн.

7. Өзіңіздің мүмкіндігіңізге қарай резеңкенің күшін реттей аласыз. Ал жаттығуды күшейту үшін бірден екі резеңкені қолдануға болады.

8. Кез келген классикалық жаттығу түрлері резеңкемен орындалады.

9. Бүгінде фитнес-резеңкені үй жағдайында кең қолданады. Резеңкемен орындалатын жаттығулар жүктелген Youtube каналдары бар.

10. Көпшіліктің қалтасы көтеретін құрал.


Фитнес-резеңкемен жасалатын жаттығулар:

Планка

Фитнес-резеңкені тізеден сәл төмен тағу қажет. Аяғыңыздың ұшы мен алақаныңызды жерге тіреңіз. Алақаныңыз иық тұсында тұрсын. Арқаңызды тік ұстап тұрыңыз, беліңіз де майыспағаны жөн. Алақаныңызды жерден алмай секіріп, аяқтарыңызды екі жаққа қарай жіберіңіз.

Аяқты сермеу

Етбеттеп жатып, басыңызды қолыңызға қойыңыз. Резеңкені сирағңызға байлап алыңыз да, алдымен оң аяқты 10 рет көтеріңіз. Кейін дәл солай сол аяқпен жаттығуды қайталаңыз.

Аяқты артқа қарай көтеру

Бір қырыңыздан тік тұрыңыз. Резеңке тобықтың үстінде тұруы керек. Тыныс алған кезде оң аяғыңызды артқа көтересіз. Арқаны тік үстап тұрыңыз.

Фитнес-резеңкемен аптасына 3-4 рет 30-40 минуттан жаттығып отыру керек.

Вирджиния университетіндегі медицина ғылымдарының докторы Чжен Ян тұрақты физикалық жаттығулар коронавируспен ауырғанда өлім жағдайына апаратын тыныс жетіспеушілігінің алдын алатынын немесе төмендететінін анықтаған. Дәрігердің айтуынша, физикалық жаттығулар «жасушадан тыс супероксиддисмутаза» (EcSOD) деп аталатын күшті антиоксидантты құра алады. Ол ағзаны зиянды радикалдардан қорғайды және әртүрлі аурулардың пайда болуына жол бермейді.

Сондай-ақ көптеген аурулармен ауырған кезде (өкпе аурулары, жүректің ишемиялық аурулары, бүйрек ауруы) антиоксидант тапшылығы байқалады. Тіпті бір жаттығу жасаудың өзі қажетті антиоксиданттың өндірісін арттыра алады. Тұрақты дене жаттығулары адам ағзасына пайдалы және жедел респираторлық аурулардан қорғайтындықтан коронавирус кезінде барынша көбірек жаттығу жасауға тырысайық.

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Коронавирустан дұрыс ТЫНЫС АЛУ арқылы ҚОРҒАНУҒА болады


ЖЕҢІЛ босану үшін МЫНА жаттығуды жасау керек