Жаттығуды ҮНСІЗ орындап, күніне 1 кг АРЫҚТАЙСЫЗ

0
6 934

YouTube-тағы ЕҢ ТАНЫМАЛ 5 фитнес-жаттықтырушы туралы білесіз бе?


Жаттығуды ҮНСІЗ орындап, күніне 1 кг АРЫҚТАЙСЫЗ

Үйде отырып-ақ жаттығу жасауға не жетсін, шіркін! Әрі жаныңызда жаттықтырушы болса тіпті керемет. Бірақ үйде жаттыққанда міндетті түрде білікті маманға жүгіну керек. Себебі жаттықтырушы өз ісінің білгірі болмаса жаттығудан соң бұлшықеттеріңіз ауырсынады. Ал мықты жаттықтырушыны фитнес залдарынан табу оңай шаруа емес. Ал YouTube-тан табу одан да қиын. Дегенмен біз сізге қажетті ең білікті жаттықтырушыларды таптық!


YouTube-тағы ең танымал 5 жаттықтырушы


Памела Риф

Германияның оңтүстігінде орналасқан кішігірім қалада туып өскен ару бүгінде YouTube-тың жұлдызы. Памеланың каналына 6,47 млн. оқырман тіркелген. Онымен бірге қыздар да, жігіттер де жаттығады. Памеланың ұраны - үнсіз жаттығу. Тез әрі нәтижелі қимылдарды қайталау. Егер сізге көп сөйлейтін блогерлер ұнамаса, онда Памеланың каналына қосылыңыз.

Памела ұсынған жаттығулардың бәрі дерлік нәтиже береді. Оның себебі - жаттығуды үздіксіз орындау. Ол негізінен аз уақытты қамтитын кешенді жаттығулар ұсынады. Бір күн ішінде Памеламен 1 кг салмақтан арылуға болады.




Кайла Итсинес

Кайла Итсинес - фитнес индустриядағы танымал жанның бірі. Ол тіпті аяғы ауыр кезде де жаттығуды тоқтатпаған. Сол себепті 9 ай бойы бір келі де салмақ қоспағандығын айтады. Ал босанған соң көп өтпей-ақ бұрынғы қалпына келеді.

Кайланың жаттығуынан соң мыңдаған қыз 20, 30 келі салмақтан арылған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қыздардың жаттығуға "дейін" және "кейін" түскен суреттерін жариялап отырады. Осылай ол оқырмандарын жігерлендіреді екен.



Лена Петрова

Жаттығу жасауға ынтаңыз жоқ па? Фитнесті бір аптадан соң тастап қоясыз ба? Онда сізге Еленаның кеңесі қажет. Ол жаттығудан қалай ләззат алу қажеттігін үйретеді. Дұрыс тамақтанудың қыр-сырына тоқталады. Жер-жаһанды шарлап, жүрген жерінен керемет видеолар түсіріп, оны жариялауды де ұмытпайды. Осылай әдемі өмір сүріп, әрі әдемі болып жүруді насихаттайды. Еланамен бірге жүрсеңіз, күнделікті калория санағанды қойып, арықтау жайлы ойланбайсыз да. Жай ғана салауатты өмір сүрудің рақатын сезінесіз.




TGYM

Татьяна Федорищева - YouTube-тағы ең танымал онлайн-жобаның авторы. Жаттықтырушы орыс тілді аудиторияға бағытталған TGYM фитнес-каналының негізін қалап, онда сан түрлі тегін марафон өткізеді. Сол арқылы көптеген қыз-келіншектердің артық салмақтан арылуына көмектеседі. Татьяна тек марафон ұйымдастырып қана қоймай, керемет нәтиже көрсеткен жандарға сыйлық үлестіреді. Сонымен қатар, каналда 800-ден аса нәтижелі жаттығу мен дұрыс тамақтану жайлы кеңестер, рецептер де топтастырылған.




Антонина Верьёмина

YouTube кеңістігіндегі атақты фитнес-каналдың бірі - "Верьёмина". Антонина Верьеминаның денсаулық пен фитнесті ұштастырған каналына 3,7 млн. оқырман тіркелген. Каналда негізінен арықтау, бөксе бұлшықетін шынықтыру, қарындағы майдан арылуға арналған жаттығулар бар.




Дереккөз: az.sputniknews.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Көзіңіз НАШАР көре бастаса, МЫНА жаттығуды жасаңыз


Жаттығудан ЖАЛЫҚҚАНДА жекпе-жекпен шұғылданыңыз