1 миллионнан астам адам үшін жарна әкімдіктер есебінен төленуі мүмкін

0
226

Қазақстанда шамамен 16,7 млн адам сақтандырылған.


1 миллионнан астам адам үшін жарна әкімдіктер есебінен төленуі мүмкін

фото:Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық сақтандыру жарнасы кімдер үшін әкімдік есебінен төленетінін айтты, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде Қазақстанда шамамен 16,7 млн (82,3 %) адам сақтандырылған. Ал 3,3 млн адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр.
Соның ішінде 2,4 млн адамның өмір сүру деңгейі қанағаттанарлық болса, 1 млн адам отбасының базалық қажеттіліктерін әрең жауып жүр.
"Осы санаттағы азаматтар үшін халықаралық тәжірибеге сәйкес жарналардың төленуі тиісті медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктеуді ұсынылады" , - деді Әлназарова мәжілісте өткен отырыста.
Бүгін министр депутаттарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамасына енгізілетін өзгерістерді таныстырды.
"Бұдан басқа, ресми тіркелген жұмыссыз азаматтардың МӘМС жарналарын төлеу шығыстарын жергілікті бюджеттерге жүктеу ұсынылады. Осы шаралардың есебінен, 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша бір миллионнан астам адам қамтылады деп күтеміз. Бұл дегеніміз, азаматтардың 5%-ы жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізеді деген сөз", - деді Әлназарова.