1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

0
522

Құжаттарды қабылдау толық 4 айға, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейін созылды.


1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

ERNUR.KZ. Елімізде балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды, деп жазады baq.kz.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттарды қабылдау толық 4 айға, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейін созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандықтар шамамен 400 мың өтініш беріп үлгерді. Балалардың 70%-дан астамы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.

Өтініштерді қабылдау тәртібі автоматтандырылған және ата-аналар құжаттарды дәстүрлі форматта да, онлайн форматта да тапсыра алды. Өтініштердің 80%-ы электронды форматта берілді.

Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындау мен ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кіріседі. Жүргізілетін жұмыстар әлі жеткілікті және ол үшін мектептер тамыз айын тиімді пайдаланады. Бірінші сынып оқушыларының басым бөлігі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында байқалады. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қамтудың жоғары көрсеткіші Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстарында байқалады, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.