Суретті қыздың әкесі көріп, бұрынғы әйелінің үстінен шағым түсірген.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде 10 жастағы қыз баланы жартылай жалаңаш күйде суретке түсірген анасы мен ер адамға сот жаза кесті, деп жазады zakon.kz.
Сөйтіп, бірі 9, екіншісі 7 жылға сотталды. Жалпы бұл жайт 2 жыл бұрын болған.
Суретті қыздың әкесі көріп, бұрынғы әйелінің үстінен шағым түсірген.
Кейін онымен бірге тұратын ер адамның да бұл іске қатысы бары анықталды.
Сотталушылардың екеуі де педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Гүлжанар Отарбаева, облыстық соттың баспасөз хатшысы