​11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

0
1 378

Тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасынмен жел күшейеді.


​11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, оңтүстік циклон республикамызға солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталықтың кей жеріне жауын-шашын шақырады, ал қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, деп жазады Baq.kz.

Республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасынмен жел күшейеді.

Aлматы облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел күшеюі 18-23 м/с, екпіні 28 м/с сақталады.

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды, Aқмола облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, Қарағанды облысының кей жерінде көктайғақ түседі.

Жамбыл, Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі.