1,7 мыңнан астам шетел азаматы елден қуылды

0
1 228

5 қыркүйек пен 5 желтоқсан аралығында өткізілген «Учаске» жедел-профилактикалық шара аяқталды


1,7 мыңнан астам шетел азаматы елден қуылды

ERNUR.KZ. Бір айдың ішінде полицейлер шетел азаматтарының ел аумағында тіркеусіз тұрудың 28 мың фактісін, көші-қон заңнамасын бұзудің 17 мыңнан астам фактісін анықтаған, деп жазады baq.kz.

ҚР ІІМ 5 қыркүйек пен 5 желтоқсан аралығында өткізілген «Учаске» жедел-профилактикалық шараны аяқтады.

Операция қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде тұратын халықтың учаскелік полиция инспекторларымен өзара әрекетін арттыру үшін жүргізілген. Полиция инспекторлары әр пәтер мен әр ауланы тексеріп, азаматтық қаруды сақтау талаптарын, сондай-ақ, ішкі істер органарында тіркеуде тұрған азаматтарды тексерді.

Сонымен қатар, өндірістік нысандар, ұйымдар мен мекемелер де тексерілді. Полиция бөлімшесінің күштерімен гараж бен жекежай аумақтары, бос тұрған ғимараттар мен құрылыс нысандары, құдықтар тексерілді.

«Учаске» операциясы басталғаннан бері 4 млн 307 мың тұрғын үй ғимараты мен жекежай үйі қамтылды. 232 мыңнан астм әкімшілік құқық бұзушылық, соның ішінде, шетел азаматтарының ел аумағында тіркеусіз тұрудың 28 мың фактісі, көші-қон заңнамасын бұзудің 17 мыңнан астам фактісі анықталды. Олардың ішінде 1,7 мың шетелдік азамат сот шешімімен елден қуылды», - деді ҚР ІІМ-де.