19 шетелдік компания Қазақстанға ауысып келді

0
545

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Смайылов Қазақстанға шетелдік капитал тарту жөніндегі жұмыс туралы баяндады.


19 шетелдік компания Қазақстанға ауысып келді

ERNUR.KZ. Он тоғыз шетелдік компания Қазақстанда жұмысын бастады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Смайылов Қазақстанға шетелдік капитал тарту жөніндегі жұмыс туралы баяндады.
"Бірқатар шетелдік кәсіпорынды Қазақстанға көшіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде 19 компания көшірілді, басқалары бойынша мәселе пысықталып жатыр", - деді премьер.
Ол алдағы 7 жылда кемінде 150 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспарланып отырғанын атап өтті.
Мәселен, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 14,5 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28%-ке артық.
"131 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 30 трлн теңгеге 850 инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулымен жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың қорытындысы бойынша 18,5 мың жұмыс орнын құра отырып, 2 трлн теңгеге 190 жоба пайдалануға беріледі", - деді Смайылов.