2005-ші жылғы қыз өзін полицей зорлағанын айтты

0
3 301

Зорлық үшін кінәсіз ер адам сотталып кеткен.


2005-ші жылғы қыз өзін полицей зорлағанын айтты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысындағы Петропавловка ауылында тұратын қыз бала Президенттен көмек сұрады, деп жазады zakon.kz.

Оның видеосы Qumash Telegram-каналында жарияланды.

Қыздың сөзінше, учаскелік полицей оны қызметтік көліктің ішінде күштеп зорлаған. Бірақ зорлық үшін кінәсіз ер адам сотталып кетті.

Мені учаскелік полицей зорлағанда 13 жаста едім. Әкем жоқ, шешем ішімдікке салынған еді. Маған заңсыз аборт жасатты. Учаскелік полицей мені кінәсіз адамға қарсы жала жабуға мәжбүрледі. Ол кісі 10 жылға сотталды, дейді қыз.



Ал облыстық полиция департаменті сотталған адамның кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдейді.

2018-ші жылы аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Барлық фактілер мен жасалған сараптамалар сотталған тұлғаның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді. Сот күдіктіні 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Қорғаушылар тарапы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді, алайда апелляциялық инстанция бірінші инстанцияның үкімімен келісті, - деп нақтылады полиция департаменті