2017 жылы геологиялық барлаудың нәтижесінде алтын, мыс және полиметалдардың болжамды ресурстары артты

0
2 391

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев пен «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов баспасөз конференциясында мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2017 жылы геологиялық барлаудың нәтижесінде алтын, мыс және полиметалдардың болжамды ресурстары артты

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев пен «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов баспасөз конференциясында мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

А.Надырбаевтың айтуынша, 2017 жылы 2014-2018 жылдарға арналған ҚР ИДМ Стратегиялық жоспарына сәйкес атқарылған Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары және Ұлытау ауданындағы жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша іс-шараларды ескере отырып, кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында көзделген және 2020 жылға дейін аудандарды дамыту бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді.

2017 жылы барлық бағыттар бойынша,соның ішінде жаңа технологияларды қолдана отырып, моноқалалар маңында геологиялық зерттеулер, өңірлік геологиялық-түсірілім жұмыстары, iздеу, iздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.

Өңіраралық геологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша 1:200000 масштабты кешендік заманауи карта құрастырылды және жаңа перспективалық алаңдар, учаскелер анықталып, одан әрі толық геологиялық зерттеулер жүргізуге ұсыныстар берілді.

Іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарының қорытындысы бойынша жаңа кен объектілері анықталды және алтынның – 1,5 мың.тонна, мыстың – 28,2 млн. тонна, полиметаллдың – 22,6 млн.тонна болжамды ресурстары белгілі болды.

Қарағанды көмір бассейнінің метандылығын геологиялық зерттеу нәтижесінде 7 перспективалы учаскеде көмір қаттарындағы метанды іздеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Метанның 14 млрд. м3 мөлшерінде болжамды ресурсы есептелді.

Әлемдік нарықтың заманауи үрдісін ескеріп, сирек кездесетін және сирекжерлік металдарға, әсіресе, литийге деген сұраныстың артуына байланысты аталмыш шикізатты барлауға ерекше көңіл бөлініп отыр. 2015-2017 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен, Шығыс-Қазақстан облысындағы Ахмир учаскесінде сирек кездесетін металдарды іздеу-бағалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс нәтижесі бойынша қалайы мен литийдің болжамды ресурстары бағаланды. Жүргізілген техникалық-экономикалық есептер бойынша Жаңа-Ахмир ең перспективалы кен көрінісі болып табылады.