2020 жылы жаңа көліктер арасында ең көп сатылған брендтер белгілі болды

0
2 386

Көлік сатып алушы 63 541 адам (71,3 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған.


2020 жылы жаңа көліктер арасында ең көп сатылған брендтер белгілі болды

ERNUR.KZ. 2020 жылы Қазақстанда ресми дилерлер 89 мыңнан астам жаңа көлік сатты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Өткен жылы ресми дилерлер 89 097 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 24,8 пайызға жоғары. 2020 жылы қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 808,6 млрд теңге (1,9 млрд АҚШ доллары) жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 23,6 пайызға артық болды», - делінген таратылған мәліметте.


Көлік сатып алушы 63 541 адам (71,3 пайызы) отандық зауыттардың өніміне өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар, былтыр сатылған 25 556 автомобиль (28,7 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары жеңіл көлік брендтерінің арасындағы үздік бестікте Hyundai (17 928 көлік), Lada (17 453), Toyota (10 081), Chevrolet (10 029) және Ravon (7 137) көш бастады.

Мұнымен қоса, сатылымы жоғары болған ТОР-ондықта – KIA (6 004 көлік), GAZ (3 241), Renault (2 643), Volkswagen (2 552 ) және JAC (2 450) бар.