2021 жылғы санақ қалай жүргізіледі

0
2 834

Халық санағын жүргізу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.


2021 жылғы санақ қалай жүргізіледі

ERNUR.KZ. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов 2021 жылы Қазақстан тұрғындарының санағын қалай өткізу жоспарланып отырғанын айтты, деп жазады zakon.kz.

Бұл мәселе жуырда реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралды. Біздің болжамымызға сәйкес, әзірге қабылданған шешім бойынша, әлі эпидемиологиялық жағдай сақталып тұрғаны белгілі, халық санағы 1 қыркүйектен қазан айының соңына дейін жүргізіледі. Яғни, санақ шамамен екі айға созылады, - деді Келімбетов брифингте.

Оның айтуынша, халық санағын жүргізу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды, оны премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқарады.

Ол қазіргі санақ алдыңғы санақтармен салыстырғанда мүмкіндігінше цифрландырылған болатынын айта кетті.

Яғни, 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін Ұлттық статистика бюросының арнайы сайты ашылады. Бұл санақ кезінде қойылатын барлық сұрақтарға онлайн режимінде жауап беруге мүмкіндік береді. Қазанның соңғы екі аптасында сауалнама жүргізушілер планшеттер арқылы біздің азаматтардың үйлеріне тікелей барады. Жалпы, қазір біз санаққа дайындалып жатырмыз. Қаражат бөлінді, резервте тұр. Негізінен бұл статистикамен тікелей айналысатын адамдардың жалақысына арналған. Алғашқы нәтижелерді жыл соңына дейін аламыз, - деп сөзін аяқтады Келімбетов.