2022 жылы ТМД-ға Қазақстан төрағалық етеді

0
700

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады.


2022 жылы ТМД-ға Қазақстан төрағалық етеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. ТМД елдерінің басшылары Достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды. 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді» деп жазады Берік Уәли.