Сонымен қатар, Мемлекет басшысы салықтық бақылауға кез келген сырттай әрекеттестіктерді тыю қажеттігін атап өтіп, осы бағыттың толық цифрландыруын қамтамасыз ету керектігін айтты.
ERNUR.KZ. 2023 жылы Қазақстанда жаңа Салық кодексі әзірленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Үшіншіден, орнықты экономикалық өсім - түсінікті, болжамды салық саясатына тікелей тәуелді. Фискалды реттеуді қайта жүргізу мақсатында 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның ауқымды бөлігі – салықтық әкімшілік – толық қайта жаңаруы тиіс», - деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы салықтық бақылауға кез келген сырттай әрекеттестіктерді тыю қажеттігін атап өтіп, осы бағыттың толық цифрландыруын қамтамасыз ету керектігін айтты.