Министрдің айтуынша, келесі мәселе - өндірісті жаңғырту, яғни жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында еңбек қауіпсіздігі мәселесін көтерді,деп жазады BAQ.KZ
«Келесі мәселе - өндірістегі жарақаттарды азайту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол жылдан жылға төмендеп келе жатыр. Өткен жылғы болған жағдайлар - 1548, бірақ өкінішке қарай, еңбек қауіпсіздігінің сақталмағанынан былтыр 220 адам қайтыс болды. Ол 2017 жылмен салыстырғанда 9 пайызға төмен. Кейбір өңірлерде, әсіресе Ақмола, Алматы, Түркістан облыстарында өсу бар», - деді Сапарбаев отырыста.
Министрдің айтуынша, келесі мәселе - өндірісті жаңғырту, яғни жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
«Біздің еңбек инспекциясы бұл жұмысты көптеген кәсіпорында жүргізеді. Қандай шаралар қолданғанын көріп отырсыздар. Осы өндірістік жаңғыртудың дер кезінде жүргізілмегенінен, ескі қондырғыларды пайдаланудың әсерінен кәсіпорындар былтырдың өзінде 107 млрд теңгенің шығынын келтірді. Ендігі мақсат - осы еңбеккерлерге тиімді, қолайлы жұмыс жағдайын жасау. Біз осы шараларды жүзеге асыру үшін жол картасын дайындадық», - деді Бердібек Сапарбаев.
Министрдің айтуынша, былтырдан бастап республикада еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша акция жүріп жатыр. Осы акция барлық өңірде әрі қарай жалғасын табуы керек.