​3 айда Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалы 3 млн тоннадан асты

0
1 094

Кездесу барысында Қытай-Ресей, Ауғанстан, Орталық Азия елдері, Қытай-Қапқаз/Түркия (Еуропа), Қытай-Иран бағыттарына контейнерлерді тарту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.


​3 айда Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалы 3 млн тоннадан асты

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 1 сәуірінде Алматыда «Қазақстан темір жолдары» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов Қытай темір жолдары компаниясы бас директорының орынбасары Ли Вэнсинмен кездесті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар қазіргі қалыптасқан жағдай туралы ақпарат алмасты және теміржол көлігі саласындағы ыңтымақтастықты одан ары дамыту жайын ортаға салды.

2018 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы тасымал көлемі 14 млн. тонна шамасында болып, 2017 жылға қарағанда 38% артық болды. Ағымдағы жылдың 3 айында 3,6 млн. тонна тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25% артық.

Өткен жылы екі елдің шекаралық өтпелері арқылы контейнерлік тасымал көлемі 593,7 мың ЖФБ (жиырмафунттық баламасы) жетсе, бұл 2017 жылға қарағанда 4% көп. Ағымдағы жылдың 2 айында контейнерлік тасымал 103662 ЖФБ болып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% өскендігін көрсеткен.

Кездесу барысында Қытай-Ресей, Ауғанстан, Орталық Азия елдері, Қытай-Қапқаз/Түркия (Еуропа), Қытай-Иран бағыттарына контейнерлерді тарту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

2019 жылдың екінші тоқсанында Алашанкоу – Достық, Қорғас – Алтынкөл мемлекетаралық түйіспе пункттері арқылы ҚХР-дан ҚР және керісінше қатынайтын контейнерлер мен вагондардағы жүктер жөніндегі электрондық мәліметтер алмасуды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ келіссөздер барысында қазақстандық астықты арнайы вагондармен қос дөңгелегін ауыстырып Уси станциясына дейін, цистерналармен өсімдік майын қос дөңгелектерін ауыстырып Достық станциясы бойынша темір рудасы мен коксты қос дөңгелектерді алмастыра отырып Баган метталургия зауытына, қытайлық танк-контейнерлер және цистерналармен сығымдалған газ тасымалдарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Келіссөз қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.