Олардың ішінде Өзбекстаннан – 212 445.
ERNUR.KZ. Жыл басынан 314 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«2023 жылы 314 741 шетелдік азамат Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Олардың ішінде Өзбекстаннан – 212 445, Ресейден – 68 743, Қырғызстаннан – 12 119 Тәжікстаннан – 9 066 адам», - делінген агенттіктің ресми сауалына берілген жауапта.
Осы орайда министрлік аталған шетелдік азаматтардың елімізде қандай қызмет салаларында жұмыс істейтіндігіне қатысты есеп жүргілмейтінін атап өтеді.
Сонымен қатар ведомство өзге ел азаматтары ең көп орналасқан өңірлерді атады. Ұсынылған дерекке сәйкес, Алматыда – 54 260, Атырау облысында –43 314, Алматы облысында – 26 679, Маңғыстау облысында – 26 280, Астана қаласында 25 588 шетелдік тұрып жатыр.