«4 қылмыстық топ жойылды»: министр 13 шетелдіктің жауапқа тартылғанын айтты

0
798

Олардан 100 келі синтетика шыққан.


«4 қылмыстық топ жойылды»: министр 13 шетелдіктің жауапқа тартылғанын айтты

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында есірткімен күрес жайлы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Дүниежүзінде мыңнан астам есірткі түрі бар. Қазақстанда 700-ге жуық есірткі аналогы бар. Елдегі есірткі ахуалына үш негізгі фактор әсер етеді. Олар: каннабис шикізаты, солтүстік бағыт арқылы өтетін ауған героині және синтетикалық есірткінің таралуы. 2019 жылға дейін есірткінің тізімі тек заң деңгейінде реттелетін. Тиісті нормаларға өзгеріс енгізу бір жылға жуық уақыт алатын. Бұл есірткі таратушыларға қолданыстағы заңнаманы айналып өтуге мүміндік беретін», - деді ол.

Министр атағандай, қазіргі таңда елдегі барлық есірткінің түрі бақылауға алынды.

«Оларды тізімге қосу процедуралары бір ай ішінде жүзеге асырылады. Елімізде есірткінің жаңа түрі пайда болмай тұрып бақылауға алынады. Соңғы 5 жылда синтетикалық есірткіні тәркілеу 10 келіден 1 тоннаға дейін күрт өсті. Қазір есірткі қылмыстары толығымен киберкеңістікке қарай өтті. Киберқадағалау жүйесі арқылы анықталған есірткі сайттары бұғатталады», - деді Сәденов.

Министр есірткіні жарнамалап, насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгенін айтты.

«Биыл 4 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 14 топ қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 13-і - шетелдік азаматтар. Олардан 100 келі синтетика, 85 тоннадан астам прекурсор және мыңнан астам зертханалық құрал тәркіленді. Құқық қорғау органдары 75 есірткі зертханасын жойды», - деді Ержан Сәденов.