41 градусқа дейін ысиды: Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

0
592

Қазақстанның барлық аймағында күн жауын-шашынсыз болады.


41 градусқа дейін ысиды: Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

"Қазгидромет" орталығы мамандары тамыздың 19-21 тамыз күндері аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстанның барлық аймағында антициклон ықпалымен көбіне күн жауын-шашынсыз болады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана фронталды бөліктердің өтуімен қысқамерзімді жауын-шашын болып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, жел соғады. Күндіз солтүстікте 23-30 градус аралығында жылы болады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста 25-40 градусқа дейін ысиды, орталық және шығыста – 17-35 градус аралығында жылы болады. Қазақстанның батысында ғана аптап ыстық болып, сынап бағанасы 32-41 градусқа деін көтеріледі», - делінген Қазгидромет таратқан хабарламада.