46 мың адам сұранысқа ие мамандықтарға оқытылады

0
982

Қысқа мерзімді оқыту курстарын өткізу үшін қажетті біліктілік пен дағдылар тізімі қалыптастырылды.


46 мың адам сұранысқа ие мамандықтарға оқытылады

ERNUR.KZ. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның қатысуымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқыту курстарын қайта қарастырды, деп жазады baq.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара биылғы жылы білім беру мекемелерінің түлектерін барынша жұмыспен қамтамасыз етуге және мемлекеттік шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осы орайда, Smart Data Ukimet арнайы жобасының аналитикалық мәліметтері негізінде, өңірлердің нақты қажеттілігі ескеріліп, қысқа мерзімді оқыту курстарын өткізу үшін қажетті біліктілік пен дағдылар тізімі қалыптастырылды. Бұл тізімге 200-ден астам біліктілік пен дағды енгізілгенді.

"Сонымен қатар, Еңбек министрлігі 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық мамандықтардың тізімін қалыптастырып, бекітті. Бұл тізімге жоғары білімді қажет ететін 35, техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 – мамандық кіріп отыр. Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, Дүниежүзілік банктің қолдауымен 534 оқу ұйымының оқу орталықтары мен оқу орындарының Реестрі құрылды. Олардың барлығы дуалды оқыту элементтерін тәлімгерлікте пайдалану мен қысқа мерзімді кәсіби білім беруді сертификат немесе куәлікті беру арқылы бір жылдық тәжірибенің болуы талаптарына сай келеді", - делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ оқу орталықтары мен оқу орындарының реестріне енгізу үшін заманауи материалдық-техникалық базаның болуы қажет, ал оқудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыру деңгейі кемінде 60% құрауы тиіс. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың білім беру бағдарламалары ӨКП-мен және жұмыс берушілермен келісілуі тиіс.

Жаңашылдықтың басты артықшылығы - азаматтардың кәсіби даярлығын жүргізетін білім беру ұйымдарының сапалы іріктеуі мен еңбек нарығында оқығандардың өзектілігін қамтамасыз ету.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері 16 мыңнан астам адам оқуға жіберілді. Осылайша, ағымдағы жылы жұмыспен қамту бағдарламасы аясында қысқа мерзімді курстарда 46 мың қазақстандықты оқыту жоспарлануда.